Сот саласындағы ақпараттық технологиялар

Сот саласындағы ақпараттық технологиялар

Мемлекет басшысы цифрлық дәуірден қалмау қажеттігіне баса назар аударып отыр. Өйткені әлем елдері цифрлық теxнологияға бет бұрды. Соның нәтижесінде дамудың барлық сатысы жаңа кезеңге аяқ басты. Цифрлық теxнология биліктің ашықтығын, қабылданып жатқан шешімдердің жариялылығын қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күні электронды үкімет - цифрлық дәуірдің бір көрінісі. Қазіргі кезде біз анықтаманың бәрін электронды жүйе арқылы аламыз. Бұның барлығы мемлекеттік басқарудың біртіндеп цифрлық теxнологияларға ауысып жатқанын көрсетеді. Осы орайда атап айта кетер жайт соңғы кездері сот төрелігін жүзеге асыру, сот ісін жүргізудің ашықтығына қол жеткізу бойынша жұмыстарды оңтайландырудың перспективалық бағыттарының бірі ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану болып отырғаны баршаға мәлім. Сот процестерінің ашық және жариялы түрде өтуін қамтамасыз етудің тағы бір ізгі қадамы - істердің аудио-бейне қондырғыларын қолдану арқылы қараудың қолға алынуы.

Сот жүйесінде заманауи технологияларды, оның ішінде жоғарыда айтылған функцияларды пайдалану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, төрешілдік кедергілерді қысқартады, сот органы қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады. Бұл халықтың уақыты мен қаражатын үнемдейді, еліміздің халқы үшін сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігіне жетуге мүмкіндік береді. Сот жүйесі үшін бұл – сот төрелігін іске асыру үрдісін жеңілдету, сот ісін жүргізуді оңтайландыру және автоматтандыру, ақпараттық технологияларды дамыту, бюджет қаражатын үнемдеу болып табылады. Барлық сот процестерінде аудио және бейнежазбаға түсіру құрылғыларын қолдану Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы сот жүйесінің алдына қойылған негізгі міндеттерінің бірі болатын. Бүгінде Қазақстан Республикасының соттары сот төрелігінің барынша ашықтығын қамтамасыз ету үшін санды форматтағы аудио және бейнежазбаға түсіру құрылғыларымен жабдықталған және жазбаларды қандай да бір тоқтатуға немесе редакциялауға мүмкіндік берілмейді. Әрбір сот отырысы аудио және видеоға жазылады. Бұл судьяларды және сот мәжілісіне басқа да қатысушыларды тәртіпке шақырады, сот процесі мен сот қабылдаған шешімнің объективтілігін қамтамасыз етеді. Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану сот қызметінің қолжетімділігі, ашықтығы мен тиімділігі тәсілдерінің бірі болып табылғандықтан ақпараттық сервистерді қолдану сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана емес, сотқа жүгінетін адамдардың да уақытын үнемдемеп, жолдауда атап өтілгендей заманауи цифрлық технология бүгінде сот саласын дамытуға оң ықпалын тигізуде.

 

А.Г.Булмажанова

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының кеңсе бас маманы-сот отырысының хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив