Мемлекеттік тілдің- мәртебесі

Мемлекеттік тілдің- мәртебесі

Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабында "Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады” деп жазылса, 1989 жылы 11 қыркүйекте тұңғыш қабылданған "Тіл туралы” Заңда "Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі” деп тайға таңба басқандай етіп көрсетілген.

Мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілі – мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы.

Әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішінде мемлекеттік тіліміз қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарында тұрғаны баршамызға аян. Десек те қазіргі қазақ тіліміздің ахуалы қандай дәрежеде?

Бүгінде Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына айтылған өзекті мәселерді жүзеге асыру басты жолға қойылған. Ана тіліміздің қоғамдағы атқаратын қызметі соңғы кезде тұңғиықтан жарыққа, күн көзіне асыққан бұлақ суындай кеңейіп, барлық салада қолданылуда.

Сот жүйесінде де тіл саясатының үрдісі қарқынды даму үстінде. Қазақ тілінің қажеттілігін арттыру мақсатында елеулі қадамдар жасалуда. Тілді үйренуге ниет білдірген азаматтарға қажетті оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етілген қазақ тілін тегін оқыту курстары ашылып, барша жағдайлар жасалған. Мемлекет қайраткері, көрнекті ақын, Сәкен Сейфуллин: «Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды» дегендей бүгінде құжаттардың мемлекеттік тілде жүргізілуі түбегейлі қалыптасқан. Оның сапасы да, мазмұны да басты назарда. Баспа беттеріне азаматтардың заң бойынша сот өндірісін жүргізу тілін таңдау өз еріктерінде екендігі жөнінде ұдайы жариялауда. Яғни, талап қоюшы, арызын өз ойын еркін жеткізе алатын ана тілінде беруге құқылы. Сондықтан «қаным қазақ» деп жүрегі соғатын әрбір азамат талап арызын ана тіліне жазса, нұр үстіне нұр болар еді.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, мемлекеттік тілді дамыту барысында көздеген мақсаттың шыңына жету үшін бірлесіп жұмыс жасауымыз қажет.

Қазіргі жаһандану кезеңінде тілдің тағдырына, елдің болашағына әр азамат шынайы ықыласпен қарағаны абзал. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін ең алдымен тіліміздің тазалығына зор мән беріп, құлаққа түрпідей тиетін «так», «ну», «да» т.б. сұрықсыз сөздерді қосып сөйлеуден аулақ болуымыз керек. Ата-бабамыз «батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртында қалдырмай, шыбындыға алдырмай» мұраға қалдырған тіліміздің тамырын тереңге жайып, келер ұрпаққа аманат етуге тиіспіз.

Ана тілінің асыл қасиеттерін бойға сіңіру бөбектің жөргегінен басталады. Әжелерінің аузынан халқының шұрайлы әдебиетінен сусындап, тәрбие алып өскен балада ана тіліне деген махаббат өмір бойы сөнбейді. Өзге жұртты тамсандырған тілімізді мақтан тұтып, жастарымыздың патриоттық рухын көтеріп, әлем таныған ел болу үшін ең алдымен тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.

«Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді, әрі ата-баба алдындағы ұлы парызымыз»- деп Елбасымыз айтқандай, тіліміздің мерейін көтеріп, асқақтату баршамыздың басты міндетіміз. Ана тіліміздің тағдыры үшін жан қия күресе білсек, тіліміздің бағы жанатынын естен шығармайық.

 

Астана қаласы Есіл ауданының

№2 аудандық сотының бас маманы                                             

Ә.А.Турсынбай             

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

6 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив