Әкелікті танудағы құқықтық көмек

Әкелікті танудағы құқықтық көмек

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «әкелікті танудағы құқықтық көмек» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен соттары әртүрлі қылмыстарды анықтайды, сондай-ақ жеке тұлғаларды анықтауға байланысты туыстықты белгілейді және басқа да көптеген мәселелерді шешеді.

Дөңгелек үстел жұмысына соттың судьялары мен медиаторлары, «Наше право» ЖШС директоры М.Кудеринов, «Генетика орталығы.kz» сот сарапшылары, «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханасының өкілдері, «Медиацияны дамыту орталығы» директоры Жулеев А.

Сот сарапшысы Сыздыбекова А сот-сараптамалық-молекулярлық-генетикалық сараптама бойынша презентация жасап, молекулярлық-генетикалық зерттеулерде шешілетін міндеттер мен мәселелерді қоса алғанда, осы сараптаманың мүмкіндіктері мен объектілері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Сонымен қатар, сот сарапшысы Р.Агубаева қолжазбалық және қолтаңбаларды сот сараптамасының сипаттамаларын ұсынды.

Қатысушылар әкелікті тану және алимент өндіру туралы істер бойынша медиация туралы келісімнің заңжобасын әзірлеуге келісті.

Сот сарапшылары мен медиаторлар ынтымақтастық және өзара көмек көрсету үшін байланыстар орнатты, ал кейбіреулері балалардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасын әзірлеу мақсатында өз құзыретті және білікті пікірін білдіруге дайын екендіктерін білдірді.

 

Астана қаласының кәмелетке томағандар істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив