Ақпараттық технологиялармен жұмыс жасау – уақыт талабы

Ақпараттық технологиялармен жұмыс жасау – уақыт талабы

Қазақстан Республикасы судьяларының VІ съезінде Елбасымен берілген тапсырмалардың бірі - сот құрылысын жетілдіру, сот төрелігінің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету, сот жүйесінің жұмысына қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу болатын. Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының барлық соттарына «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті» сервисі, «Электронды шақыру қағаз», «Сот құжаттарымен танысу» сервисі, «SMS–хабарлама» сервисі, «Талдау» форумы, сот органдарымен байланысу CALL-орталығы, сенім телефоны, дыбыс-бейне жазатын құрылғылар, бейнеконференция арқылы сот төрелігін жүзеге асыру секілді жаңа ақпараттық технологиялар қызметке енгізілді. 

Сот ісін жүргізуді қысқарту үшін сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтеріне рұқсат беретін бірыңғай терезе «Сот кабинеті» жұмыс жасайды.  «Сот кабинеті» арқылы азаматтар мен заңды тұлғалардың кез-келгені сотқа келіп әуре-сарсаңға түспей, ыңғайлы уақытта үйде немесе кеңседен шықпай-ақ онлайн режимде электронды түрде арыздарды, талап арыздарды беруге, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сондай-ақ істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, «Сот кабинеті» электрондық сервисін ілгері дамыту және жаңарту мақсатында, мобильді құрылғы арқылы сот органдарымен берілетін, сервиске кіруге қамтамасыз етілетін «Сот кабинетінің мобильдік нұсқасы» қосымшасы әзірленді. Соттағы бұндай жаңа ақпараттық технологияның енгізілуінің тағы бір негізгі тиімділігі ретінде арызданушы азаматтар мен сот қызметкерлері тікелей қарым-қатынасқа түсуіне жол бермей, сол арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жағдай жасайтындығы болып табылады. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 20 қадамында барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу туралы басып айтты.          

Бұл ең алдымен адам қолымен жіберілетін қателіктердің алдын алуға және қағазбастылықтан босатуға септігін тигізеді.  Тағы жаңашылдық бірі - «Талдау» Форумы электрондық сервисі. Форум, құқықтық қатынасты реттейтін заңнама жайлы ақпарат жоқ болған жағдайда сот тәжірибесін жалпылаудан, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларынан және тағы да басқа сот төрелігін атқару кезінде қажетті ақпараттардан тұрады. «Талдау» Форумы сот актілерін жүйелеп, оларға мониторинг жасауды қамтамасыз етуге, нақты істер санаттары бойынша сот тәжірибесін талдауға, сот істерін қарау тәжірибесінің бірыңғай тәжірибесін қамтамасыз етуге, тұрақты сот тәжірибесін қалыптастыруға, барлық іс санаттары бойынша сот тәжірибесіне жедел қолжетімділікті қамтамасыз етуге тиімді. Сот жүйесіне енгізілген оң өзгерістер мен жаңашылықтардың бәрі Елбасымыздың тікелей басшылығымен іске асып отырғанын атап өтпеуге болмайды. 

Сондай-ақ, сот төрелігін жүзеге асыруда жаңа ақпараттық технологиялардың іске қосылуы сот төрелігінің мінсіз қызметін құру, сот жүйесіне сенімсіздікті жою, сот ісін жүргізуді жеңілдету, сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру, қағазбастылықтан босату, ең маңыздысы қоғамның сот органдарына сенімін арттырып, жемқорлықты жоюға тікелей бағытталғандығы.   

 

Ақтөбе облысы

Мұғалжар ауданының №2 аудандық

сотының кеңсе меңгерушісі

Кушкенбаева Анара.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив