Тіл дамыту – болашаққа бағдар

Тіл дамыту – болашаққа бағдар

Қазіргі  уақытта Қазақстан жағдайына тілдерді қолдану ара қатынасына ұлдайы ғылыми  негізделген мониторинг, олардың  қоғамдық, жеке тұлғааралық қатынастардағы қажеттілігінің нақты  бағасын жүргізу қажет. Ең алдымен тілдің атқаратын қызметін  оның   таралу  деңгейі, жеткізгіштер саны және басқа  факторлар  арқылы анықтайтын  таптаурынды еңсерген жөн.  Орын  алған жағдайға талдау жасаудың жекелеген әрекеттері мемлкеттік  органдар мен мекемелердегі құжат айналымының мемлкеттік тілді тірек ете отырып сөз жүзінде сандық көрсеткіштерге, электрондық бұқаралалық ақпарат құралдарындағы  хабарлар көлеміне, мерзімді баспасөз  басылымдарын көлемі шағын  және сапсы төмен болуына  негізделеді.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев: «Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, қазақ тілін оқытудың қазіргі  заманғы озық бағдарламалары  мен әдістерін  әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді менгерудің ең үзік, инновациялық   әдістемелік, тәжиребелік оқу-құралдарын, аудио-бейнематериалдары әзірлеу қажет».  Қазақстан халқына жолдауынан.                             

 Бәсекеге қабілетті кеңістілік, мемлекеттік тілдің дамуы үшін шарттарды қалыптастыру біздің еліміздің құқықтық, демократиялық және әлеуметтік мемлекет ретінде нығаюының және одан әрі дамуының стратегиялык міндеттерінің бірі болып табылады.

Қазақстан   Рсепубликасының  конституциясының 7 бабында – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару  органдарында орыс  тілі ресми түрде қазақ  тілімен  тең қолданылады.

   Мемлекеттік тілдің қолданулы аясын кеңейтудің, оның бәсекег қабілеттілігін арттырудың  2007-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан рсепубликасының 1997  жылғы 11 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолданумен мен дамытудың 2001-2017 жыдарға  арналған  мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді.

   Осы тұжырымдаманың құрылымына: Қазақстан Республикасындағы тілдік ахуалдың қазіргі  жайкүйін талдау; Тұжырымдаманың мақсаты мен  міндеттері; Тұжырымдаманы іске асырыдуң негізгі бағыттары мен тетіктері; күтілетін нәтижелер кіреді.

Осындай жағдай білім  беру жүйесінде,  сот жұмысында, ғылымда, прокуратура қызметінде және тыныс –тірішіліктің басқа  да салаларында орын алып отыр.

Қазіргі уақытта заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тілде әзірлеусапасы да ерекше назар аударуды қажет етеді, термиологияны дамыту, аударма сапасы, азаматтырдың тегін,атын, әкесінің атын дұрыс жазу ережелері,олардың транскрипциясы, қаржы саласында статистикасық есептілік және де басқа құжаттарды жүргізу мәселелеріндегі келіспеушіліктер еңсерілмеген. Тіл саясатын  табысты іске асыру бұқаралық ақпарат  құралдары қызметін тиімді ұйымдастыруға тіл мәденитетін БАҚ арқылы  белсенді түрде насихаттауға, тілдік ортаны қалыптастыруға, түрлі білім беру бағдарламаларын жасауға, тіл мәдениетіне тәрбиелеуге байланысты.

«Бұқаралық  ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3- бабына сәйкес  бұқаралық ақпарат алу және оны тарату кезінде әркімнің ана тілін пайдалану құқығын қамтамасыз ету және оны тарату кезінде әркімнің ана тілін пайдалану құқығын  қамтамасыз етеді.  Дегенмен, тіл саясатын, тілді дамыту саласындағы заңнаманы іске асыруға байланысты проблеманы, әсіресе, электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында, тек тілдердің үйлесімділігінің сандық сәйкессіздігіне ғана емес, басқа да аспектілерде қарастыру қажет. Бұқаралақ  ақпарат  құралдарында тілдік сауатсыздықты жою, терминдерді тиімді және орнымен қолдану, хабарлардың  бірсарындылығы мен ғибраттылық сипатын еңсеру мемлекеттік тілдегі рекеше бағдарламалардың көлемін  ұлғайту, отбасылық тәрбиеге көңіл бөлу және т.б қажет.

   Тұжырымдаманың  мақсаты-Қазақстан Республикасының мемлкеттік тілі ретінде қазақ тілінің бәсекеге  қабілеттілігін арттыру үшін нормативтік-құқықтық  база және қажетті жағдай жасау.

 Мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешу жолымен жүзеге асырылады;

-мемлекеттік тіл  саясатының мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру;

-ұлтаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтудың факторы ретінде мемлекеттік тілдің рөлін арттыру;

-мемлекеттік тілді оқыту  сапасын жақсарту; мемлекеттік тілдің ақпаратық  кеңістігін кеңейту және тіл саясаты  саласындағы  стратегиялық  жоспарлаудың тиімділілігін арттыру.

 

Астана  қаласының Есіл аудандық

сотының   бас маманы Н.Ахмедина  

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив