2018 жылы судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өту үшін  бос орындарды бөлу туралы хабарлама

2018 жылы судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өту үшін бос орындарды бөлу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 2018 жылдың 23 ақпанында «Заң газеті» басылымында және Жоғарғы Сотының ресми сайтында 2018 жылы судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өту үшін Астана қаласы бойынша 9 бос орынды бөлу туралы хабарлама жариялаған:

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 1-4 тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін азаматтар тағылымдамаға жіберіледі.

Тағылымдамадан өту судья лауазымына кандидаттың тұратын жері бойынша тіркелген облыс, Астана және Алматы қалалары аумағындағы жергілікті соттарда жүзеге асырылады. Тұрғылықты жері бойынша тағылымдамадан өту үшін бос орындар болмаған жағдайда, кандидат бос орын болған кезде тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтінішпен басқа облыстық сотқа жүгінуге құқылы.

Тағылымдамадан өтуге ниет білдірген адамдар хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай мерзімі ішінде (2018 жылдың 26 наурызын қоса алғанда) облыстық соттың төрағасына тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтініш береді.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркелуі тиіс:

1) кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ;

2) өмірбаян;

3) диплом мен оның қосымшасының көшірмелері;

4) біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың көшірмесі;

5) соңғы жұмыс орнынан алынған қызметтік мінездеме;

6) судьяның кәсіби міндеттерін орындауға кедергі болатын аурулардың жоқтығын растайтын медициналық куәландырудан өткені туралы құжат.

Өтінішке оның кәсіби білімінің деңгейін сипаттайтын құжаттарды да (ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілгені, арнайы курстарды аяқтағаны туралы тиісті құжаттардың көшірмелері) қоса тіркеуге болады.

Ұсынылған барлық құжаттарда қол қойылып, жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – шығыс нөмірі мен күні болуы тиіс.

Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ, өмірбаян, қызметтік мінездеме, денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамалар берілген немесе жасалған күнінен бастап бір жыл ішінде жарамды болады және кандидатқа қатысты өзекті мәліметтерді қамтуға тиіс.

Қосымша ақпарат алу үшін Астана қаласы бойынша Соттар әкімшісінің персоналды басқару бөліміне (кадр қызметі) Астана қаласы, Сауран көшесі, 32 мекен-жайы бойынша, 8 (7172) 55-22-73 телефоны арқылы жүгінулеріңіз сұралады.

 

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив