Сот актілерін орындау тәртібі

Сот актілерін орындау тәртібі

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының  жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз   ету департаменті (Қазақстан Республикасы   Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының  2016 жылғы «5» наурызында № 6001-16-7-6/ 89   өкімімен  бекітілген   аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын  жүргізу  Ережесіне сай    сот актілері, апелляциялық шағым беру және наразылық келтіру мерзімі аяқталған соң, егер шағым берілмесе немесе наразылық келтірілмесе, орындауға беруге жатады. Сот актілерінің орындауға берілуін бақылауды аудандық соттың төрағасы және төрағалық етумен істерді қараған судьялар, сондай-ақ кеңсе меңгерушісі жүзеге асырады. Сот актісінің орындалғаны туралы хабарлама істерге, материалдарға қоса тіркеледі. Сот актісінің орындалуы туралы хабарлама түспеген кезде тоқсанына кемінде бір рет еске түсіру жіберіледі. Үкімді, қаулыны, шешімді немесе ұйғарымды орындауға беруге байланысты әрекеттер туралы міндетті тәртіппен істің анықтамалық парағында белгі жасалады.  

Қылмыстық істер бойынша сот үкімдері, егер оларға шағым берілмесе немесе наразылық келтірілмесе, апелляциялық шағым беру немесе наразылық келтіру мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді және орындауға беріледі.  Сотталғанның мүлкін тәркілеу және айыппұлды мемлекет табысына өндіру туралы үкімдер бойынша атқару құжаты, сот актісінің көшірмесі, не соттың мөрімен куәландырылған одан үзінді көшірме, және мүлік ізімдемесінің көшірмесі орындау үшін тәркілеуге жататын мүліктің орналасқан жеріндегі атқарушылық іс жүргізу органына жіберіледі. Істе мүліктің тізімдемесі болмаған кезде атқару құжаты мүлік тізімдемесі жасалмағаны туралы анықтамаларды қоса тіркей отырып, сотталғанның соңғы тұрған жеріне жіберіледі. Егер істе мүліктің жоқтығы туралы акт болса, онда атқару құжатына куәландырған анықтама қоса беріледі.

Азаматтық істер бойынша сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін атқару парағы жазылады, ол өндіріп алушыға беріледі не оның жазбаша арызы бойынша сот орындау үшін тиісті әділет органына не жеке сот орындаушысына орындау үшін жібереді. Бұл ретте атқару парағына аудандық соттың мөрімен куәландырылған сот актісінің көшірмесі (үзіндісі) қоса тіркеледі.

Атқару құжаты судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылатын электрондық атқару құжаты нысанында жазылып берілуі мүмкін. Атқару құжаты электрондық атқару құжаты нысанында жазып берілген жағдайда, сот актісінің көшірмесі не оның үзiндi көшірмесі судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында қоса беріледі.

Тарабы мемлекет болып табылатын, мүлік тәркілеген, мемлекет кірісіне өндіріп алынған, сондай-ақ қылмыспен келтірілген залал өндіріп алынған, мерттігуден немесе денсаулыққа езге де зиян келуден, асыраушысынан айрылуынан келтірілген залалдың орны толтырылған жағдайларда сот өз бастамасымен атқару құжатын аумағы бойынша тиісті атқарушылық іс жүргізу органына орындауға жолдайды.

Соттың дереу орындалуға тиісті шешімі бойынша атқару парағы жазылып, шешім шығарылғаннан кейін дереу орындауға жіберіледі.

 Атқару құжаттары нақты және сауатты толтырылуы тиіс. Атқару құжатында өшіріп жазуға және түзетуге жол берілмейді.

Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы ол заңды күшіне енген сәттен бастап орындалуға жатады.

Арнаулы құқықтан айыру түрінде әкімшілік жаза қолдану және әкімшілік қамау туралы қаулы ол шығарылған сәттен бастап орындалуға жатады.

 Арнаулы құқықтан айыру және әкімшілік қамау түрінде әкмшілік жазаларды қолдану туралы қаулы ол шығарылғаннан кейін дереу оны орындауға келтіруге уәкілеттік берілген органдарға жіберіледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін қамау түрінде жаза қолдану туралы қаулылардың көшірмелері тиісінше орындау үшін ішкі істер органдарына жіберіледі.

Әкімшілік айыппұл түрінде жаза қолдану туралы қаулылардың көшірмелері күнтізбелік он күн ішінде тиісті органдарға ерікті орындауға арналған мерзім аяқталғаннан кейін мәжбүрлеу орындауға жіберіледі

Айыппұл салу туралы немесе айыппұл төлеу қажеттiгi туралы нұсқама сот орындаушыларына жолдағанда оған мемлекет кірісіне айыппұл соммасы түспегені туралы мәліметтер қоса беріледі.

 

 

Мұғалжар ауданының № 2

аудандық сотының

бас маманы                                                                          

Г.Ж.Курбанова    

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

4 пікір

  1. аватар
    Freda 7 октября 2023 21:19

    Have you ever considered creating an e-book or guest authoring on other sites?
    I have a blog based upon on the same ideas you discuss and would really like to have you share some
    stories/information. I know my viewers would value your work.
    If you are even remotely interested, feel free
    to shoot me an e mail.

    Also visit my web page ... tonobexol en vente libre au Luxembourg

  2. аватар
    Kai 7 апреля 2024 18:25

    Its like you read my mind! You appear to know so much about
    this, like you wrote the book in it or something. I think that you can do with some pics to drive the message home a little bit,
    but other than that, this is fantastic blog. A great read.
    I'll certainly be back.

    Have a look at my site ... achat de albenza en Italie en ligne

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив