Сот өндірісіндегі онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша татуласу және бітімге келу рәсімдерін қолдану тәжірибесі  (ҚР ҚК-нің 68-бабы)

Сот өндірісіндегі онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша татуласу және бітімге келу рәсімдерін қолдану тәжірибесі (ҚР ҚК-нің 68-бабы)

Ата заңымыз бойынша мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.

Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғануға хақы бар.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы 28 қаңтарда «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының 27-бабының 7-бөлігінде, дауды осы Заңға сәйкес, реттеу туралы келісім, іс жүргізуінде қылмыстық іс  қаралып жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға жіберілетіні және ол Қазақстан Республикасының ҚПК-де көзделген жағдайларда қылмыстық қудалауды болдырмайтын не оны жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жай болып табылатыны көзделген.

Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтірілген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.

Сондықтан, сотталушы жәбірленушімен Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңының тәртібімен татуласқан жағдайда, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотталушы қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс тоқтатылуға жатады.

Алайда аталған Кодекстің 68-бабының 4-бөлігінде осы баптың ережелері абайсызда адам өліміне әкеп соққан қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайтыны көзделген.

Сот өңдірісінде онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы (абайсызда адам өліміне әкеп соққан істерден басқа) қылмыстық теріс қылықтар туралы қылмыстық істі қарау барысында сот талқылауында іс бойынша төрағалық етуші судья сотталушыға жәбірленушімен татуласу, оның ішінде медиация тәртібімен татуласу құқығын түсіндіріп, тараптарды татуластыруға шаралар қолданады.

Қылмыстық істермен Медиацияны жүргізу кезінде медиация тараптары қол жеткізген дауды реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар қол қояды.

Қылмыстық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген жанжалды реттеу туралы келісім жәбірленушіге келтірілген зиянның орнын толтыру және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жәбірленушімен татуласу жолымен жан жалды реттеу туралы келісімді білдіреді.

                Сөзіміздің соңында айтарымыз, медиация атауы біздер үшін жаңа ұғым болғанымен, оның түп-тамыры қазақтың дархан даласында, қазақ халқының тарихында жатыр. Бітімгершілік қазақтан шыққан дана билердің, шешендердің билік айтуының ең озық өнегесі ретінде осы уақытқа дейін маңызын жойған жоқ. Қазақтың Төле би, Қазбек би, Әйтеке би сынды дана билері, шешендері халық арасында туындаған дауларды бітістіріп, мәмілеге келтіргені, халқымыздың бірлігін ауызбіршілігін, тұтастығын сақтап қалу үшін қаншама жылдар бойы шешімін қабылдау арқылы аяқталғаны баршамызға тарихтан белгілі.

Ендеше, медиация рәсімін қазіргі таңда кеңінен қолдану халқымыздың дана билерінен келе жатқан билік жүргізу тәсілінің дәстүрлі жалғасы болып табылады.

 

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының судьясы Мельдебаев Н.А.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

4 пікір

  1. аватар
    Sharnae 15 января 2024 08:50

    Thanks a lot for sharing this with all folks you really recognise what you are talking approximately!

    Bookmarked. Kindly also visit my website =).
    We can have a link trade agreement between us

    my website; Jeffory

  2. аватар
    Laron 15 января 2024 09:00

    Write more, thats all I have to say. Literally,
    it seems as though you relied on the video to make your point.
    You obviously know what youre talking about, why throw
    away your intelligence on just posting videos to your site when you
    could be giving us something enlightening to read?


    Take a look at my site Kaylea

  3. аватар
    Joscelyn 15 января 2024 09:06

    Nice blog here! Also your web site loads up fast! What web
    host are you using? Can I get your affiliate link to your
    host? I wish my website loaded up as quickly as yours lol

    My page: Matteo

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив