Медиация – бітімгершілік қағидасы

Медиация – бітімгершілік қағидасы

Медиация- тараптардың ерікті келісі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара екі тараптыңда мүдделерін қорғай отырып қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында медиатордың көмегімен тараптар арасындағы дау жанжалды реттеу тәсілін рәсімдеу, яғни медиация- үшінші бейтарап көзқарасты ұстананатын медиатордың қатысуымен дау-жанжалды шешудің баламалы әдісі, оны тараптарды келістіру тәсілі немесе мәмілегер, бітімгер деп түсінуге абден болады.

Қабылданғанына төрт жыл болса да көпшілік қауымға «медиация», «арбитраж» термині әлі күнге жақсы таныс емес. Сот ісінің басы-қасында жүрген, заңнан хабары бар белгілі бір топтарды есептемегенде, қарапайым халыққа бұл сөз бейтаныс.

Медияцияның мақсаты – дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету. Сол себепті, батырлығымен, жыраулығымен танымал болған талай қазақ биінің кез келгенін медиатор, төрелік айтқан әр ісін медиацияға жатқызуға болады. Құқық түзу процесіне қатысып қана қоймай, сот әділдігін іске асырған қазақ билері ел ішіндегі дау-дамайды ушықтырмай, іштей келісімге келтіртіп, шешіп отырған. Ел басқару ісі, ру арасында туындаған үлкен жанжалдың, жер мен жесір дауларының арты отқа ұласып кетпес үшін ақыл-кеңесін айтып, тоқтамға шақырып отырған. Қазақ биінің медиатор ретіндегі бейнесі ұлттық дәстүрден тамыр алады. Билігі – тегістей үш арыс қазаққа ілім-білім үйретіп қана қоймай, құқықтық кеңес беруінен де көрініс табады. Сот төрелігін жүргізген ғұламалықтары далалықтарға тән ойшылдықтарынан туындайды. Ал қазақ билерінің белгілі бір дауға айтқан билік-шешімдері тарихта жетіп артылады. Сөз басында бұл қызметтің шығу тарихына тоқтала кетсек, қандай да бір дау-жанжалды шешу үшін арада делдал ұстау ежелгі заманнан келе жатқан игі дәстүрдің бірі. Тарихшылар бұл ұғымның сауда-саттығы жақсы дамыған Вавилонда да қолданылғанын алға тартады. Ежелгі Грецияда делдал тәжірибесін пайдалану Юстиниан кодексі, яғни, Рим құқығы кең қолданғаннан бастапақ өрісін кеңге жайған. Римдіктер делдал сөзінің түп төркінін беретін түрлі терминдерді де қолданып көреді. Internuncius, medium, intercessor, philantropus, interpolator, conciliator, interlocutor, interpres деп, ақыр аяғы mediator, медиатор деген сөзге тоқтайды. Бір сөзбен айтқанда, басты мақсаты мәмілеге шақыру болып табылатын медиация қазаққа жат ұғым емес. Қарапайым тілмен айтқанда, екі жақты дау-дамайды у-шусыз, бейбіт жолмен шешу, яғни, мәмілеге келтіру деген сөз. Елімізде жаңадан дамып келе жатқан қызмет жөнінде айтылып жүрген сын-ескертпелер жетіп артылады. Оның ең бастысы, маман тапшылығына келіп тіреледі. Оның үстіне медиацияның ерекшілігін де алыстағы ауыл ағайыны жете түсініп жүргені шамалы. Бұл тұста жаңа қызметтің қыр-сырын кеңінен түсіндіріп, осы саланы жандандырудың да өндімей келе жатқаны ешкімге жасырын жайт емес. Медиация ХХ ғасырдың екінші жартысында қарқынды дами бастайды. Ең бірінші анго-саксондық құқықтық жүйені ұстанған – АҚШ, Австралия, Ұлыбританияда, кейіннен Еуропа елдеріне де тарайды. Медиация алғаш рет отбасылық қатынастар аясында туындаған дау-дамайларда қолданыла бастайды. Кейіннен ауқымды кикілжіңдер мен даулардың шешімін табуда кең қолдау тапқан медиация жергілікті қоғамдастықтардағы жанжалдан бастап, коммерциялық және көпшілік ауқымда туындаған күрделі әрі жан-жақты дауларға да «төрелік» жүргізе бастаған. Ерікті медиаторларды тарта отырып тәжірибелік медиация бағдарламаларын жүргізу АҚШ-тың ірі қалаларында өткен ғасырдың 70-жылдарында-ақ қолданыла бастаған. Бұл бастаманың сәтті шыққаны соншалық, бүкіл ел бойынша басқа жүздеген бағдарлама осы жүйеге көшіріледі. Қазіргі таңда Құрама Штатта медиация тәжірибесі кең қанат жайған. АҚШ-тың сот тәжірибесі негізінен даулардың денін сотқа дейін шешуге бағытталған, ал, кез келген судья сот процесін тоқтатып тастап, жақтарға медиатормен жұмыс істеуге кеңес бере алады. Бұл елде қаржы, саясат, кәсіп аясындағы келіссөздердің бірде-бірі медиаторсыз өтпейді. Сондай-ақ, мұнда медиацияның жаңа тәсілдерін жетілдіруге білек сыбанып кірісіп кеткен пікірталастарды шешу ұлттық институты жұмыс істейді. Медиацияның жеке және мемлекеттік қызметтері оң жолға қойылған. Бұл бағытта өзінің Аралық қарау (арбитраж) мен медиация ережесін бекітіп алған америкалық арбитраждық (төрелік) ассоциациясының алар орны ерекше. Естеріңізе сала кетейік, бұл ережелерді ішкі дау-дамайларда да қолдануға болады. 4 тарау, 28 баптан тұратын «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2011 жылдың 28 қаңтарында қабылданды. Еліміздегі медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ, медиатордың мәртебесін айқындайтын заң қолданысқа енгізілгенімен, медиатор мамандардың тапшылығын көріп отырғанымыз тағы бар. Мамандар заң қабылдамас бұрын медиаторлар дайындау мәселесін шешіп алғанымыз дұрыс еді дегенді жиі алға тартады. Қазақы қалпымызға салып, «көш жүре түзеледімен» келе жатқанымызға да біраз болды.
Бұл заңның сот саласына тигізер пайдасы зор дегенді талай рет алға тартқанмен нақты іс жүзінде медиацияны қолдану барысы баяу екенін жасырып қала алмаймыз. Бұл сөзімізге айғақ болар дерек іздесеңіз, еліміздің шалғай жатқан елдімекеніне барып, қарапайым халықтан осы заң туралы сұрастырып көріңізші. Мардымды жауап ала алмайсыз. Себебі, қолданысқа енгеніне бірнеше жыл болғанымен, бұл қызметтің талап-міндеті мен мүмкіндігі халыққа толық жете қойған жоқ. Қырық жасқа толған және кәсіпқой емес медиаторлар тізімінде тұрған тұлғалар медиатор қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыра алады. Ал, негізінен медиатор болу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тәртіппен даярлау бағдарламасынан өткендігі жөнінде сертификат алуы, жоғары білімі болуы шарт. Ол адамның жиырма бес жасқа толуы және кәсіпқой медиаторлар тізімінде тұруы қажет. Медиаторлар тәуелсіз және бейтарап болуы тиіс. Медиация тараптары тең құқылы болады, медиация рәсіміне араласуға болмайды, медиатор өзіне белгілі болған құпиялықты сақтауға тиіс. Медиация туралы заңда медиаторға қарсылық білдіру, медиациядан бас тарту сияқты талаптар қарастырылған. Ең басты ескеретіні, сот пен медиация арасында айырмашылық өте көп. Екі жақтың да ұстанымын ескере отырып, дауды бейбіт жолмен шешуді мақсат тұтатын медиаторға қойылатын басты талап – нейтралитеті сақтау. Яғни, бірінің сөзін сөйлеп, екіншісін қараламау қажет. Осы ереже қатаң сақталған жағдайда ғана екі жақ ортақ мәмілеге келе алады. Ал, сандарды сөйлетсек, елімізде әрбір екінші адам сотқа жүгінеді екен. Астана мен Алматы секілді ірі қалаларда әр судья орта есеппен күніне жеті-сегіз істі қарайды. Себебі, шағымын айтып, әділеттілік іздеген қарапайым халықтың дені дау-жанжалды сотқа жеткізбей-ақ, медиацияның да көмегімен шешуге болатынын ескере бермейді. Сөз соңы. Халқымызда: Асқынып кеткен үлкен даудың бетін қайтарып, жанжалдасқан екі жақты құда етіп қоятын қазақтың даналығына не жетсін? Ұрыс, даудан іргесін аулақ салып үйренген халықпыз. Ал, ел арасы мен ағайын ішінен іріткі шықса, істі ушықтырмай ауыл ақсақалының, ел ағасының алдына барып шешетін. Айналып келгенде медиация халқымыздың қанында бар, салт-дәстүріне жат емес.

Жалпы негізбен алып қарағанда, қазақ халқы үшін бітімгершілік қағидасы ретінде қалыстасқан. Ол заң қазақ халқының дәстүрлі билер мен ата – бабалар тағылымын, әдет ғұрыпын, тәрбиесін қалпына келтіру мақсатында жасалған ірі қадамдардың бірі және бірегейі, оның екі тарап үшінде тиімді және әділ жол деп есептесек қателеспейміз.

 

Астана қаласы

Есіл аудандық сотының бас маман                               

А.Сәли

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив