«Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі

«Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі

«Сот кабинеті» - бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді біріңғай терезе болып саналатынын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматттыр үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.  

 «Сот кабинеті» 2016 жылдан бері пайдаланушыларға жетілдірілген түрде қызмет көрсете бастады. Сотқа келіп түскен талап арыздар, интернет арқылы түскен электронды талап арыздар және басқа да құжаттар электрондық кәртішкелерге тіркеледі. Процеске қатысушы азаматтың ұялы телефон нөміріне немесе электрондық пошта мекен-жайына электронды хабарламалар (SMS-хабарлама) мен шақыртулар жолданады. Ұялы байланыстың абоненттік нөміріне немесе электрондық пошта мекен-жайына жіберілген хабарламаларда істің нөмірі, логині және паролі көрсетіледі. Логин мен парольді пайдалана отырып сот процесіне қатысушы тараптар іс бойынша www.sud.kz сайтынан  «Сот құжаттарымен танысу» модулінде іске қатысты барлық мәліметтермен таныса алады. Бұдан басқа, сот кабинеті арқылы Сіз үйден шықпай-ақ мемлекеттік баж салығын төлеуге, істердің қарау тізімін, сотқа шақыру туралы хабарламаларды алуға, сот істерін іздеуге, сот отырысының хаттамасына ескертпелер жіберуге мүмкіндік бар. Осы электрондық сервисті қолдана отырып, сот отырысының қатысушылары онлайн режимінде азаматтық сот істерін, олардың реквизиттері бойынша іздей алады, олармен таныса алады, әр-түрлі іс-жүргізу сұрақтары бойынша шығарылған құжаттарды көріп және баспаға шығарып алуға мүмкіндік бар.

Мемлекетімізде жасалып жатқан ізгі бастамалардың барлығы  қарапайым халықтың қамы үшін қолға алынған шаралар. Заманауи электрондық қызмет сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігіне бағытталған.

                                                                                            

Астана қаласы мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының бас маманы

Ж.А. Сабирова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив