Реформалар  сот  жүйесіне  жаңа серпін беруде

Реформалар сот жүйесіне жаңа серпін беруде

Ел Президентінің бастамасымен – ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртудың жаңа  кезеңі жүруде.

Жаңа Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық атқару және әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекс­терді қабылдау қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізуді сапалы реформалауды қамтамасыз еткені жалпыға мәлім.

Судьялар корпусы  әрбір съезд өткен сайын жұмыстарын жандандырып көп қол жеткен  жетістіктерге жетуін күндегі бұқаралық ақпарат құралдарынан аңғаруға болады.

Өз басым сот жиесінде 1993 жылдан еңбек етіп келемін, Жоғарғы Соттың Аппартында; қалалық сотта төраға, олыстық сотта алқа төраға қызметтенін атқардым.  Сот реформасының басталғанын қалай тиімді жүзеге асып жатқанына куә болып жүрміз. Өйткені барлық сатыдағы соттардың ауқымы жандандырылды.

Боған қоса Құқық қорғау органдары және арнайы қызметтер жұмысының құқықтық базасы үнемі жетілдіріліп тұрады.

Мысалға, соңғы 10 жылда:

-Қылмыстық, Әкім­шілік, Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне және -қылмыстық жазалар жүйесі мен қылмыстық атқару жүйесін одан әрі жетілдіру;

-азаматтарды ұстау негіздері мен тәртібін бекіту;

-есірткінің заңсыз айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту;

-әскери қызметкерлердің жауапкершілігін күшейту мәселелері бойынша көптеген өзге заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді;

-олар құқық қорғау органдары жұмы­сының тәртібі мен әдістерін өзгертуге бағытталды.

Заңнамалық деңгейде азаматтардың конститу­циялық құқықтары мен бостандықтарын құқық қорғау жүйесін реформалау және соттар тәуелсіздігін нығайту арқылы қорғалуын одан әрі қамтамасыз ету мәселелері шешілді.

Сонымен қатар азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қамтамасыз етудің жаңа тетіктері енгізілді:

-медиация және сот актілерін жеке негізде орындау,

-қамауды соттық санкциялау енгізілді.

-Қылмыстық сот ісін жүргізуге алқабилер институты енгізілді. Жыл сайын соттардың мамандануы жетілдірілуде. Айта кететін жағдай мемлекет басшысының бастамасымен жария етілген келешек өзгерістердің жаңа басымдықтары Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымда­масында көрініс тапты, онда заңнаманың барлық салаларын және соттық, құқық қорғау жүйеле­рінің құқық қолдану қызметін қылмыстық саясат саласымен байланысты кешенді, өзара байланыс­ты түзету қажеттілігі атап өтілген.

          Осы тұрғыда әділ сот талқылауы және толық ашу бұл қылмыстарды жасаған тұлғаларды анықтап, оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды тиісті қолдану мақсатында қыл­мыстық және қылмыстық іс жүргізу заңна­масын тиімді пайдалануды көздейтін оңтайлы құқықтық тетіктері әзірленді.

Осы уақыт аралығында Елбасының тікелей қолдауымен жүргізілген сот реформасы нәтижесін беруде. Конституциямыз бойынша еліміз президенттік басқару нысанын­дағы біртұтас мемлекет болып жарияланды. Заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтары өз құзыреттерін орындау кезінде тығыз байланыста болды.

Конституцияның 76-бабында: «Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостан­дықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, респуб­лика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халық­аралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды» делінген.

Алайда, тиісті сот қорғауынсыз бұл құқық пен бостандық, олар қандай мінсіз болса да, қандай халықаралық стандарттарға сай болға­нымен, тек әдемі сөз болып қалады. Сот билігінің маңыздылығы да осында. Азаматтардың соттарға талассыз түсіп жат­қан өтініштер санының артуы халықтың сот жүйе­сіне деген сенімін, олардың өз мүдделерін қорғау үшін сотқа арқа сүйейтінін көрсетті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­тың атап көр­сеткеніндей, азаматтардың өз құқықтары бұзыл­ған кезде қорғаныш іздеп жүгіне алатын сенімді органы – соттар болып отыр.  Сол себепті, Конститу­циялық реформа жүргізудің нәтижесінде қазақ­стандық сот төрелігі жүйесі адам құқықтарын тиімді қорғайтын қуатты жаңа тетіктерге ие болды.

Қалай десек те, астарлап әдемілеп айтсақта тәуелсіз, күшті және әділ сот билігі құқықтық мемлекеттің демократиялық дамуы мен зиялылық дәрежесінің көрсеткіші. Сот әділдігін жүзеге асыру үшін біз әлі де қыруар жұмыстар атқаруымыз керек және сол еңбектің нәтижесінде, тұтастай алғанда, сот жүйесінің беделін одан әрі көтеруіміз қажет.

Әрине, сот жүйесінің беделі, ең әуелі, судьялардың әділ төрелігімен жасалуы тиіс.

Президентіміздің: «Халық – биліктің қайнар көзі, Конституция – көптің киелі сөзі» деген ғибратты  сөзі бар.

Егемен еліміздің 25 жылда жүріп өткен қысқа да болса нұсқа жолын ой елегінен өткізіп, бүгінгі күнін бағалап, ертеңгі күнін болжағанда ең бірінші ойға оралатын, көңіл толқытатын оқиғаларға қатарына әрбір съезде Елбасы қойған тапсырмалардың толықтай орындалуы деп түсінемін.

Сондықтан киелі сөздің қадірін түсініп съезден съезге дейін адал еңбекпен елге қызмет жасап ел сенімін ақтай білейік әріптестір.

 

Астана қаласы Алматы

ауданының №2 аудандық сотының судьясы У.Қошанов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив