Сот приставы сот саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуші тұлға

Сот приставы сот саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуші тұлға

Сот ғимаратына келген азамат, ең бірінші сот приставының жұмысына куə болады. Сондықтанда сот жүйесіне деген сенімді көрсетуде - сот приставының орыны зор болып табылады.

Елімізде қазіргі таңда, сот приставтары Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің құрамына енеді және оған тікелей бағынышты. Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен олардың алдын алу бағытында іс-қимыл жасау, сот приставтарының негізгі міндеттерінің бірі.

Жергілікті және аудандық соттарының ғимаратында ішкі қауіпсіздікті нығайту мақсатында, судьялар мен сот қызметкерлерінің қызметтік бөлмелерінде, сот отырысына қатысушы тараптардың (азаматтардың) процессуалдық емес қарым-қатынаста болдырмау және сот приставтары мамандандырылған арнайы күзет қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, сот ғимаратына азаматтардың кіріп-шығу жұмыстарының ұйымдастырылуы күнделікті қатаң бақылауға алынып, жолға қойылған. Мысалғы, сотқа келген тұлға сотқа кіру үшін сот қызметкерімен немесе сот приставымен ілесіп жүруі арқылы кіре алады.

Сот ғимаратында азаматтар тарапынан соттың шешімдеріне, үкіміне келіспей дөрекілік танытып, қоғамдық əдепке сай емес əрекет жасап, айқай-шу шығаратын азаматтар, сотқа құрметтемеушілік танытады. Осы азаматтарға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 653 бабында жауапқа тарту көзделген. Аталған бапта көрсетілгендей, сот приставы құқық бұзушы азаматқа қатысты хаттама толтыруға құқылы.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету  және соттарда сыбайлас жемқорлықты алдын алу бөлімі, сот ғимаратында келеңсіз оқиғалар болған жағдайда сот приставтарының атқаратын іс-әрекеттері жөнінде, жұмыс барысында пайдалану үшін жадынама қолданысқа берілгенің атап өткен жөн. Сот приставының негізгі құқықтары мен міндеттері ҚР «Сот приставы» туралы заңында атап көрсетілген.

 

Есіл ауданының №2 аудандық сотының аға сот приставы

 Н.Б. Байсеитов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив