Қылмыстық іс бойынша тоқтатылған қылмыстық істі қайта жаңғырту

Қылмыстық іс бойынша тоқтатылған қылмыстық істі қайта жаңғырту

Сот ісін жүргізуді тоқтата тұру және сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін үзудекүдіктінің, айыпталушының тергеуге немесе басқа процессуалдық әрекеттерге қатыса алмау мүмкіндігімен байланысты кез келген негіздер бойынша міндетті шарты іс жүргізукүдіктінің, айыпталушының болмаған кезінде мүмкін болатын барлық тергеулі әрекеттерді орындау болып  табылады. Мысалы: біріншіден, заңда бекітілген тәртіп бойынша осы әрекеттер өткізу мен іске күдіктінің, айыпталушының қатысуы арасында қатал байланыстың болмауымен; екіншіден, тергеуді тоқтата тұру сәтінен бастап оның қайта жаңарту сәтіне болатын уақыт оқиғасы бойынша бірқатар дәлелдемелерді жоғалту қауіпінің болуымен;үшіншіден, алынған дәлелдемелер күдікті, айыпталушы ретінде іске тартылған тұлғаның айыптылығы туралы шешімді жоққа шығаруы мүмкін және басқа тұлғаның айыптылығын растау ықтималдылығы болуы мүмкін. Осыған байланысты тергеу ісін тоқтата тұру қажеттілігі болмайды.

Онымен қоса, тергеуші қылмыс жасаған тұлғаны анықтау үшін немесе күдіктіні, айыпталушыны іздеуге қажетті шаралар қабылдануы керек, яғни, тергеу жолдармен, немесе жедел-іздестіру шараларын өткізудің көмегімен орындалуы керек. Егер күдіктіні, айыпталушыны іздеу шараларын қолдану керек болса, онда тергеуші жедел іздестіру органына жедел түрде іздестіру және тез арада іздеу әрекетінің нәтижесін беру туралы тапсырма  береді. Жедел іздестіруші өзінің істеген әрекеттері және нәтижесі туралы сол тапсырманы берген тергеушіге қорытынды береді.

Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру мүмкіндігімен байланыстыратын тағы бір шарт заңмен немесе прокурормен бекітілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімінің өтуі болып табылады. Алайда бұл шарт күдікті, айыпталушы ретінде тартуға тұлғаны анықтамаумен байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату жағдайында ғана, сонымен қатар айыпталушы немесе күдікті тергеуден жасырынып қалса, және басқа да себептермен оның орны белгісіз болған жағдайларда қажетті болып саналады. Сотқа дейін тергеп-тексерудің басқа негіздері болған кезде тергеу оның мерзімі аяқталғанға дейін тоқтата тұруы мүмкін.

Осылайша, істі тоқтата тұрғанға дейін осы негіздер бойынша тергеуші іс жүргізіліп отырған қылмыстың жағдайынан туындайтын іс жүргізуде айыпталушының немесе күдіктінің болмауымен де мүмкін болатын барлық қажетті іс жүргізу және процессуалдық әрекеттерді орындауы қажет. Сонымен қатар, ол өзінің құзыреті шегінде күдікті, айыпталушы ретінде тартуға анықталған тұлғаға барлық қаралу шараларын қабылдауы керек, сол сияқты айыпталушыны немесе күдіктіні іздеу бойынша, егер ол жасырынып қалса немесе оның мекен жайы басқа себептермен белгісіз болса, қолданылуы керек.

Сот ісін жүргізуді тоқтата тұру – бұл іс бойынша сотта сот әрекеттерін іске асыруда үзілісітің бір түрі. Сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұра отырып, іс жүргізуді тоқтата тұру үшін негіз болатын жағдайдың қашан түсетінін біле алмайды, сондықтан, осы іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау күнін көрсете алмайды. Бұл дегеніміз тергеу әрекетіне байланысты кез келген уақыт аралығында қайта жаңғыру мүмкін. Сот ісін жүргізуді тоқтата тұру және сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін үзудегі соттың қызметі мен шешімін талдамас бұрын, бүгінгі күнгі соттағы қылмыстық істер  жағдайына шолу жасап кетеміз.

Көріп отырғанымыздай, сот белгілі бір жағдайларға байланысты іс жүргізуді тоқтату тұруға шешім шығарады. Мұндай жағдайларға мыналар жатады: күдікті, айыпталушы жасырынған және оның тұру мекені белгісіз болған жағдай; егер медициналық мекеменің дәрігерінің қорытындысымен расталған күдіктінің, айыпталушының ауыр хәлде ауырған жағдайы; Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне сотпен өтініш жіберу немесе берілген қылмыстық іс бойынша қолданылатын заңның Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келуі туралы шағымды қарастыруға Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңестің қабылдауы жағдайы; күдіктінің, айыпталушының тұрған мекені белгілі, бірақ оның сот отырысына нақты қатысуы мүмкін емес болған жағдай.

 

Есіл ауданының №2 аудандық сотының қызметкері

 Дондаев Айтбек Есентайұлы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив