Мемлекеттік тілдің -  мерейі үстем

Мемлекеттік тілдің - мерейі үстем

Елбасымыздың «Мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда, қызмет көрсету саласында, құқық қорғау органдарында, немесе  сот саласында жұмыс  істеу мүмкін  болмайды», -  деген сөзі  бүгінгі  күннің және  келешектің нақты ұстанымы екендігі сөзсіз. Мемлекет басшысының тілге қатысты  пікірлерін қазақстандықтар кеңінен қолдап, қуаттап отыр.

         Соңғы кездері үкімет мәжілістері мемлекеттік тілде өткізіле бастағандығы қазақ елін басқаруға жаңа леп әкелгендей. Сот жүйесі де  мемлекеттік тілдің  қолданыс аясын  кеңейтуге күрт бетбұрыстар жасай бастады. Мемлекеттік тіл мәселесіне заң тұрғысынан қарайтын болсақ, Казақстан Республикасының «Казақстан  Республикасындағы Тіл туралы» заңы  Қазақстан  Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық  негіздерін, мемлекеттің  оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін  белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей  құрметпен  қамтамасыз етеді.

         Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

           Орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданыста болғанымен, мемлекеттік тілі Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жұмыс және  іс қағаздарын жүргізу тілі  болып  табылатындығын ұмытпаумыз абзал.

         Аталған заңға сәйкес Қазақстан Республикасында сотта іс мемлекеттік тілде  жүргізілуі тиіс, ал, қажет болған жағдайда ғана, сот ісін, оның ішінде  әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылатындығы көрсетілген.

         Тіл тағдыры - ұлт тағдыры, отансүйгішіктің, ұлттық намыстың мәселесі. Мемлекеттік тілдің мәртебесін  көтеруде мемлекеттік қызметшілерге жүктеліп отырған міндет зор. Сондықтан, сотта әкімшілік істерін қарау барысында мемлекеттік тілдің қолданысына қырағы болуға тура келіп отыр. Уәкілетті органдар әкімшілік хаттамаларын толтыру мен әкімшілік істерін қозғауда  елеулі олқылықтарға жол береді.

          Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарының бұзылуына кінәлі  мемлекеттік органдардың, кез-келген меншік нысанындағы ұйымдардың  бірінші басшылары, сондай-ақ, заңды және жеке тұлғалар Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес, жауапты болатындығын азаматтардың, тіпті лауазымды шенеуніктердің өздерінің бірі біліп, бірі білмейді, немесе біле тұра мемлекеттік тілге немқұрайлы қарайды.

         Лауазымды адамның мемлекеттік тілді білмеу желеуімен азаматтардың өтініштерін қабылдаудан  бас тартуы, сондай-ақ, мемлекеттік  тілде және басқа тілдерде қызмет атқарылатын салада олардың қолданылуына кез  келген кедергі   келтіру Қазақстан Республикасының  заңдарында, атап айтқанда, заңда көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады.

       Осы жерде ескерілуі тиісті бір мәселе – тіл заңнамаларының бұзылуына қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс қозғау, әкімшілік  хаттамаларын толтырып, кінәлілерге айып тағатын органдардың құзіреттіліктеріне қатысты жай.

         Сондықтан, тіл заңдарын бұзуға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық шараларын алатын органдардың құзіреттіліктерін нақтылаған және кеңейткен жөн.

         Соттың іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіруге, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын орындауға бағытталған жұмыстары нақты нәтижесін беріп отыр.

         Егер мемлекет басшысының мемлекеттік тіл мәселесіндегі бағытын шынайы қолдап, жүзеге асыратын болсақ, алда еліміздің ұлттық нышаны мен келбетін ажарландырып, қазақстандық патриотизмді, елдігімізді асқақтата  түседі.

 

Айгерим Хасенова

Астана қаласы Есіл ауданы №2 аудандық сотының сот отырыс хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив