Ақкемер ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті

Ақкемер ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті

Мұғалжар аудандық сотының ұйымдастыруымен   24.11.2017 жылы Ақкемер ауылдық округінің тұрғындарына Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  мақаласын талқылау мақсатында  «Рухани жаңғыру», «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисінің қызметі және «Татуластыру рәсімдері» атты тақырыпта түсіндірме жұмыстары өткізілді.

Көшпелі шараға  Мұғалжар аудандық сотының судьясы А.Е.Мусина, Н.Е.Кендирбаева, жетекші маман А.С.Сатканбаева, кәсіби медиатор А.Д.Казиева  және Ақкемер ауылдық округінің тұрғындары қатысты.

Іс-шара барысында судья Н.Е.Кендирбаева өз алғы сөзінде, Елбасының мақаласы бүгінгі күні өзекті қоғамдық-саяси және мәдени-этикалық негіздерді жетілдіру тұрғысынан және автор идеяларымен тұжырымдалған бірқатар нақты шаралардан тұратынын атап айтты. Сонымен қатар, «Мемлекет басшысы 27 қазанда қазақ тілі  әліпбиін латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойғандығы туралы атап өтті. 

Шара барысында судья А.Е.Мусина «Медиация туралы» Заң  талаптарының халыққа тиімділігін жеткізіп, татуластыру рәсімдерінің институты азаматтық-құқықтық дауларды реттеу тәсілі ретінде қоғамдық өмірде маңызды рөл атқаратынын, медиацияны қолдану серіктестік байланысты беріктендіруге мүмкіндік туғызатынын, ұзақ әрі қымбатқа шығатын сот үрдісін болдырмауға мүмкіндік беріп, іскерлік ақпараттың құпиялылығын сақтайтының түсіндірді.

Сонымен қатар,  медиатор А.Д.Казиева өзекті, қолайлы, медиация институтының тиімді және халық арасындағы кең ауқымды насихаты сөз болды. Сондай-ақ медиация институтының заңнамалық реттеу болашағы және қылмыстық сот ісін жүргізуде медиациялық қызметтің ұйымдастырылуы, әсіресе қылмыстық істі жүргізу медиация ішінде кәсіби емес медиаторлардың қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер көрініс тапты.

Шара соңында жетекші маман  А.С.Сатканбаева  ҚР Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисінің қызметі туралы жұртшылыққа насихаттау мақсатында, «Сот кабинеті» сервисі өтініш беруге, шағым жасауға және қолдау хатты электронды түрде дайындауға арналғанын, қолданушы өзіне кез келген ыңғайлы уақытта сот құжаттарын қарауға, іс бойынша тарихын немесе сот актілерін шығарып алуына болатынын, жаңа электрондық қызмет көрсетулер тараптардың, сондай-ақ, мемлекеттін  қаржысын және уақытты үнемдеуге бағытталғаны, «Сот кабинеті» сервисінің басты мақсаты сот жүйесінің айқындылығын және қол жетімділігін барша халыққа танытудағы ең жоғарғы жетістіктің жаңа енгізілімі екендігін айтып өтті.

Шараға қатысушыларға «Сот кабинеті» жүйесінің мобильды қосымшасы туралы қағаз жүзіндегі  нұсқаулықтар  қатысушыларға таратылып берілді.

                           

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив