Ұсақ бұзақылық – қылмыспен шекаралас құқықбұзушылық

Ұсақ бұзақылық – қылмыспен шекаралас құқықбұзушылық

Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында қоғамдық тәртіпсіздіктерге нөлдік төзімділікті қалыптастыру, кез келген ұсақ құқық бұзушылықтардың жазасыз қалмауына, мәдениетсіздік пен бассыздыққа жол бермеуге баса мән беріп, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жауапты міндеттер жүктеді.

Ұсақ бұзақылық — қылмыстық бұзақылыққа жетеқабыл әкімшілік құқық бұзушылық. Қоғамдық орындарда боқтап-балағаттау, азаматтың ар-намысына, шамына тию, ұрыну, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер, егер өздерінің сипаты жөнінен қылмыстық жауапқа тартуды талап етпесе, ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады. Заңда ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жолмен ықпал ету шараларын қолданудың айрықша тәртібі белгіленген. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес ұсақ құқықбұзушылық жасаған адамға әкімшілік айыппұл салу немесе қамаққа алу шаралары қарастырылған.

Осы орайда, қазіргі қоғамдағы ұсақ құқықбұзушылықтарға, бұзақылыққа және мәдениетсіздікке мүлдем төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру шеңберінде тиісті органдар мектептер мен жоғары оқу орындарында сәйкес іс-шараларды өткізудің қолға алған болатын.

Десек те, Астана қаласында әкімшілік құқықбұзушылықтың осы бір түрінің әлі де болса жиі кездесетінін сот тәжірибесінен байқауға болады. Бұл елорда тұрғындары мен қонақтарының мәдениетінің және әкімшілік жауапкершілік туралы білімінің жеткіліксіздігінің көрінісі болса керек.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес ұсақ құқықбұзушылық жасаған 2016 жылы барлығы 65 201 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 3 337 жасы 20- ға жетпеген құқықбұзушылар. Жас мөлшері бойынша 20-30 жас аралығындағы адамдардың саны – 17 647, 30 - 40 жас – 18 339, 40 жастан жоғары бұл көрсеткіштің төмендеу тенденциясы байқалады. Ұсақ құқықбұзушылық жасағандардың 91%-ы ер адамдар екеніне назар аудару керек.

Біз ең ұсақ құқық бұзушылық, бұзақылық, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады. Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы – қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам екендігін үнемі атап көрсеткен жөн.

 

Астана қаласының

мамандандырылған ауданаралық

әкімшілік сотының судьясы                                            

Ахметкалиев Б. Н.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив