Тергеу судьясының өкілеттігі

Тергеу судьясының өкілеттігі

01 қаңтар 2015 жылы қолданысқа енген Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік Кодексінің 55 бабына сәйкес тергеу судьясының өкілеттілігіне сотқа дейінгі іс жүргізу барысында Кодексте көзделген жағдайларда күзетпен ұстауды санкциялау; үйқамақты санкциялау; лауазымынан уақытша шеттетуді санкциялау;жақындауга тыйым салуды санкциялау; экстрадициялық қамақты санкциялау;күзетпен ұстау, үйқамақ, экстрадициялық қамақ мерзімдерін ұзарту; кепілді қолдану; мүлікке тыйым салуды санкциялау; күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық және (немесе) сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру;бұрын өзіне қатысты күзетпен ұстау қолданылған адамның психикалық ауру фактісі анықталған кезде, оны ауруларды қатаң оқшаулау жағдайында ұстауға  лайықталған, психиатриялық көмек көрсететін арнаулы медициналық ұйымға ауыстыру; мәйітті эксгумациялау;күдіктіге, айыпталушыға халықаралық іздеу жариялау мәселелерін қарау жатқызылған.

Аталған Кодексте көзделген жағдайларда тергеу судьясы: анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің және прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды қарайды; тез бұзылатын немесе қылмыстық істі мәні бойынша шешкенге дейін ұзақ сақталуы елеулі материалдық шығындарды қажет ететін заттай дәлелдемелерді өткізу туралы мәселені қарайды;сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жәбірленуші мен куәның айғақтарын сақтауға қояды; адвокаттар мен прокурорларды қоспағанда, сотқа дейінгі іс жүргізуде процестік міндеттерді орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын тұлғаларға ақшалай өндіріп алуды қолданады; прокурордың ұсынуымен қылмыстық іс бойынша процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені қарайды; сұрау салуды орындаудан бас тартылған не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылданбаған жағдайда, қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың уәжді өтінішхаты бойынша, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, қылмыстық іс үшін маңызы бар кез келген мәліметтерді, құжаттарды, нәрселерді талап етіп алдыру және қылмыстык іске қосып тігу туралы мәселені қарайды; қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың уәжді өтінішхаты бойынша, егер қылмыстық кудалау органы осындай өтінішхатты қанағаттандырудан негізсіз бас тартса не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылданбаса, сараптама тағайындау туралы мәселені қарайды; қылмыстық процесті жүргізетін органға айғақ беруі үшін келуін қамтамасыз ету қиындық тудыратын, бұрын өздері жауап алған куәні, қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың өтінішхаты бойынша, мәжбүрлеп әкелу туралы мәселені қарайды; осы Кодексте көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.

И.Меркель: «Тергеу судьясы - сотқа дейінгі іс жүргізу барысында осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырушы бірінші сатыдағы сот судьясы ретінде айқындалған. Сонымен қатар, тергеу судьясы негізінен прокурорлармен бірге Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғауды қадағалайды.»

Тергеу судьясы – жаңа заманға бастар жол болып табылады.

 

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының

бас маман сот отырысының хатшысы       

А.Қ.Әлиев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив