Қазақ тілінің мәртебесін арттыру  - біздің міндетіміз

Қазақ тілінің мәртебесін арттыру - біздің міндетіміз

Қазақстан Республикасының тіл туралы 11-шілде 1997 жылғы заңының 4,7,9 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Ата Заңымыздың елге әкелген көптеген өнегелерінің бірі мемлекет құрастырушы ұлт тілі – қазақ тілін мемлекеттік деңгейінде көтеруінде болып отыр.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

Қазақ тілінің мәртебесін арттыру – біздің міндетіміз.

Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі контитуциялық құқық белгілерінің бірі – мемлекеттік тіл.

Жалпы, Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қатысуы және бастамасымен қазақ тілін дамыту қолға алынуда, сол сияқты Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақ елінде қазақ тілі өркендеуі тиіс, біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторының бірі еліміздің мемлекеттік тілін одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» - деген қағидасын ұмытпағанымыз жөн.

Еліміздің егемендік алуына байланысты, бүгінгі таңда қазақ тілінің мәртебесі көтерілді. Сондықтан да ана тіліміздің қоғамдық, өмірдің барлық саласында өз мәртебесіне сай орын алу барысында күрделі жағдайда өтіп жатыр.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын, мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Бірақ өкінішке орай, осы уақытқа дейін мемлекетіміздің бүкіл салаларындағы жұмыстардың көпшілігі тек ресми тілде жүргізіліп отырылады. Сондықтан ең бастысы - өзіміз тілімізді құрметтеп сыйлауымыз керек, ана тіліне жай көңіл бөліп қана қоймай, онан әрі қарай жетілуіне заң жүзінде дамуына үлесімізді қосу және ана тілінде іс қағаздарын жүргізуді дамытуды қалыптастыруға күш салу қажет.

Сот ісін жүргізу тілі сотқа берілген құжаттардың берілуіне қарай жүргізіледі, әрбір азамат істі өзінің ана тілінде, немесе өзі білетін басқа тілде жүргізуді талап етуге құқылы және өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен жауап беру, өтініш білдіру, шағым жасау, іс материалдарымен танысу, сотта сөйлеу және кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі, сол сияқты онымен қамтамасыз етіледі.

Елімізде «Тіл туралы» заңының 13 бабында ҚР сот істері мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда, сот ісін жүргізуде орыс тілі де мемлекеттік тілмен тең қолданылуға құқығы берілген, бірақ бұл – іс жүзінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын тарылтып, құқықтық нормасын шектеп отыр.

Басқа елдердің қай-қайсын алсақ та, тіл мәселесі дұрыс жолға қойылған. Өйткені ол тәуелсіздікті айқындайтын негізгі фактордың бірі – деп санау қажет.

Қазіргі кезде, Абай атамыз айтпақшы, «Баяғы жартас, бір жартас» дегендей, мемлекеттік тіліміз әлі де жете дамып кете қойған жоқ.

Заман талабына сай, мемлекеттік тілді жедел, жете үйрену үшін қоғамдық, экономикалық қажеттілік көздерін тауып, қажеттілік талаптарын заң арқылы жүзеге асырып отыру қажет.

Ана тілін білмегендік, сүймегендік, ұлт сезімін жоя отырып, ұлт безерлік тудырады. Тілді тұсаулайтын өзге емес-өзіміз.

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенін де, болашағынан да қол үзеді.

Егеменді елдің бір белесі – мемлекеттік қазақ тілі деп санаймын, сондықтан осы ел белесін жоғары деңгейге жеткізу үшін мемлекеттік органдармен қатар сот жүйесінде де ұстау үшін мемлекеттік қазақ тілін игеруге қосар үлесіміз, үмітіміз зор деп есептеймін.

Қорыта айтатын болсақ, қазақ тілін білу, оны құрметтеу – жалпы Қазақстан халқының парызы, ата-бабаларымыздың алдындағы қарызымыз, өтейтін борышымыз деп есептеу керек. Олай болса, намысқа тырысып,тіліміздің беделі үстем болуын, еліміздің әр азаматтары ардақтап, оны кеңінен қолданып, бірлесе күшейту қажет – деп санаймын. Қазақ елінде, қазақ жерінде, қазақ тілі – мемлекеттік өркендеуі қажет, оған тек қазақ халқының ұрпақтары ғана емес, бүкіл Қазақстан елінде өмір сүріп жатқан адамдар үлес қосу керек, ол үшін осы мәселе жөнінде мемлекет тарапынан талаптар да күшейтілуі қажет деп санаймын.

       

Астана қаласы Алматы аудандық

сотының судьясы                                                                 

Мұқашов С.З.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

3 пікір

  1. аватар
    Alda 19 сентября 2023 11:42

    you're in point of fact a just right webmaster. The website
    loading velocity is incredible. It seems that you're doing any unique
    trick. Also, The contents are masterwork. you have performed
    a excellent task in this topic!

    Take a look at my blog post :: kup cyklokapron w Radomiu

  2. аватар
    Harry 5 октября 2023 12:55

    That is really interesting, You are a very skilled blogger.
    I've joined your rss feed and look ahead to in search of more of your magnificent post.
    Additionally, I've shared your website in my social networks

    Also visit my homepage prix du adalat au Maroc

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив