Мемлекет басшысының - «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы

Мемлекет басшысының - «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы

Осы жылдың сәуір айында мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көрді. Елбасымыз жыл басындағы жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады.  Мақалада жаңғырудың саяси реформа және экономикалық екі бағыты бойынша жұмыс жасалынатынын айтып өтті. Мемлекет басшысының ойынша Қазақстанның мақсаты айқын, бағыты белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.  Елбасы ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын қалаймын» деп жазады. Бұл дегеніміз ХХІ ғасырдағы тарихи кезеңде өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды бұзбай, дәстүрімізді ұмытпай жаңғыруымыз керек. Яғни заман талабына сай өмір сүру, даму дегенді білдіреді. Бірақ осы жаңғыруда ұлттық сананы жоғалтпауды көздейді.

         Мақалада тұтас қоғамның және  қа­зақ­стан­дықтың санасын жаңғыртудың бір­неше бағы­тын атап  өтеді.

Бірінші бағыт «бәсекелік қабілет» деп аталады. Бұнда тұтас халық бәсекелестік қабілетке ие болуы керек, осы жағдайда  «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр.

Екінші бағыт прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді. Яғни әрбір адам өзінен бастауы қажет, білімді болуға, мәдениетті болу, адамгершілік пен қарапайымдылық секілді қасиеттерді бойында сақтай білу. Елбасы прагматизм мен реализмді алдағы онжылдықтың ұраны деп санайды.

          Ұлттық бірегейлікті сақтау деп аталатын үшінші бағыт бізге ұлттық санамызды, дәстүрімізді сақтай отырып, ұлы ұлттың ұрпағы екенімізді ұмытпай жаңғыру. Елбасы қазақстандықтардың екі ережені сақтауын қалайды. Біріншісі  ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.

        Білімнің салтанат құруы атты төртінші бағытта аса маңызды аталып өтететін мәселе білім. Қазіргі дамыған заманда білімді адам ғана табысқа жете алады, сондықтан еліміз білім беру жүйесіне көп көңіл бөліп отыр. Осы бағытта елбасының негізгі ойы  білімді жастардың арқасында ғана ұлтымыз табысты болмақ.

          Бесінші бағыт Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы. Осы ретте ХХ ғасырдағы қазақ халқының басынан кешірген қасіретті кезеңді атап өтеді. Сол кезеңде ұлттың емес аумақтың жаңғыруы алған кезең. Мемлекет басшысы сол кезеңнен сабақ алып, эволюциялық даму қағидасын басты бағыт ретінде ұстануымыз қажет деп санайды.

        Сананың ашықтығы бағытында ағылшын тілінің мәселесі айтылады. Ағылшын тілі ол жаһандық әлемнің қақпасы іспеттес.  Елбасы «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – та­быстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсет­кіш­терінің бірі деп жазады. Сонымен қатар  сананың ашықтығының зерденің үш ерекшелігін айтып өтеді.

Президент осы мақалада қазақ тілінің латын әліпбиіне көшіру мәселесін тағы қозғады. 2025 жылға қарай барлық іс қағаздарын, оқулықтарды латын әліпбиіне көшіру жоспарланып отыр. 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет деп көрсетеді.

          Сонымен қатар елбасы бірнеше жобалар мен бағдарламалар туралы айтып өтті. Оның ең негізгісі ретінде «Туған жер» бағдарламасын атап өтуге болады. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру арқылы әрбір қазақтың жүрегінде патриотизмді ояту,  туған жерді құрметтеу, қоршаған ортаны аялау секілді қасиеттерді сіңіру болып табылады. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет»  жобасы арқылы біздің елімізді мәдениетіміз арқылы да таныса деген мақсат болып тұр. Елбасы ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін шет елге таныстыруымыз қажет деп санайды.

        Мемлекет басшысының бұл мақаласы жаңғыру кезеңінде еліміздің жасауы тиіс нақты бағыттарын айқын көрсетіп шықты. Еліміздің ең озық мемелекеттер қатарына кіру үшін жасалынатын жоспарлар мен міндеттер де айтылып өтті. Осы мақалада көрсетілген жоспарлар кешені толықтай орындалады деген сенімдемін.

 

Астана қаласы

Сарыарқа аудандық судьясы

Қ.Алпысбаева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив