Жалпы отырыстың және жалпы отырыстың төралқасының жұмысы туралы

Жалпы отырыстың және жалпы отырыстың төралқасының жұмысы туралы

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы №132 Конституциялық заңының 11-бабына сәйкес жалпы отырыс және  жалпы отырыстың төралқасы блыстық соттың органдары болып табылады.

Осы Заңның 16-бабына сәйкес, облыстық сот қажетiне қарай, бiрақ жылына кемiнде екi рет жалпы отырыстар өткiзедi, оларда:

  • тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;

2) облыстық сот төрағасы мен сот алқалары төрағаларының ақпаратын тыңдайды;

3) сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;

4) уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымына адамды тағайындауға уәкiлеттi органға келiсiм бередi;

5) уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшесі басшысының қызметі туралы есепті тыңдайды;

6) аудандық және облыстық соттар судьяларының, аудандық сот төрағасының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды және тиісті қорытындылар шығарады;

7) уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшесінің басшысын қызметтен босату туралы уәкiлеттi органға ұсыну енгiзедi;

8) судья қызметiне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және тиiстi қорытынды бередi;

9) облыстық соттың жалпы отырысы төралқасының регламентін бекітеді;

10) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Жалпы отырыс облыстық сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болады.

Облыстық соттың жалпы отырысының жұмыс тәртiбi ол бекiткен регламентпен анықталады.

2017 жылдың 31 наурызында Астана қалалық сотының жалпы отырысында, Астана қалалық сотының Жалпы отырыстың және Төралқасының жаңа Регламенттері  бекітілген.

Астана қалалық соты төрағасының қатысуымен 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 11 жалпы отырыс өткізілген. 11 жалпы отырыста 43 сұрақ қаралған, олар:

- кәсіби қызметі бағалануға және Сот жюриінің біліктілік комиссиясына жолдануға жататын судьяларға қатысты материалдарды талқылау;

  • Аудандық және оған теңестірілген соттарда судья лауазымында екі жыл жұмыс істеген жаңадан тағайындалған судьяларға қатысты тәлімгерлік жұмыс қорытындысын талқылау;
  • Аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларының бос орындарына орналасу үшін конкурсқа қатысуға жіберілген кандидаттарды талқылау;
  • сот практикасын бойынша қорытуларды талқылау;
  • Кадр резерві жөніндегі комиссияның шешімін талқылау;
  • Астана қалалық соты алқаларының дербес және сандық құрамын өзгерту;
  • Астана қаласы бойынша Судьялар Одағы Филилалы төрағасының ұсынысын талқылау;
  • Сот жюриінің тәртіптік комиссиясы мүшесінің құрамына кандидаттарды талқылау;
  • Астана қаласының соттарына жаңадан тағайындалған судьяларды таныстыру және олардың ант беруі бойынша жалпы отырыстар өткізілген.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 16-1-бабына сәйкес Астана қалалық соты жалпы отырысының төралқасы:

  • соттардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қалалық соттың жалпы отырыстарында қарау үшін дайындауды қамтамасыз етеді;

2) тәртіптік теріс қылық жасаған судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы материалды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылаудың қорытындылары бойынша тиісті шешім шығарады;

3) аталған Конституциялық заңда облыстық соттың басқа органдарының құзыретіне жатқызылмаған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Астана қалалық соты жалпы отырысы төралқасының (бұдан әрі- төралқа) құрамы жеті  мүшеден:

  • Астана қалалық сотының төрағасынан;
  • сот алқаларының төрағаларынан;
  • Судьялар одағы филиалының төрағасынан;
  • Судья әдебі жөніндегі комиссияның төрағасынан;

5) Астана қалалық сотының жалпы отырысы екі жыл мерзімге жіберетін екі судьядан тұрады.

Төралқаның отырысына қалалық соттың судьялары және аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, Астана қаласы соттарының кеңсе меңгерушілері және басшылары, өзге адамдар шақырылуы мүмкін.

Төралқа Астана қалалық соттың төрағасымен шақырылады және оның төрағалық етуімен жүргізіледі. Төралқа өз мүшелерінің жалпы санының кем дегенде үштен екiсi болған кезде құқықты болады.

Төралқасының жұмысын ұйымдастыру жалпы отырысы бекітілген регламентке айқындалады.

Төралқаның бекітілген Регламентіне сәйкес, күн тәртібіндегі мәселелерді қараудың нәтижесі бойынша төралқа  келесі шешімдердің бірін шығаруға құқылы:

1)     қаралатын мәселені талқылаумен шектелу;

2)  сот төрелігін жүзеге асыру сапасын төмен деңгейі және жүктелген міндеттерін тиісінше атқармай отырғандығы үшін ескерту; 

3)   сот төрелігін жүзеге асыру сапасын төмен деңгейі және жүктелген міндеттерін тиісінше атқармай отырғандығы үшін қатаң ескерту;

4)  теріс қылық жасағаны үшін судьяға қатысты материалдарды Сот жюриінің тәртіптік комиссиясына тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы мәселені қарау үшін жіберу;

5) мәселені талқылауға жалпы отырысқа шығару;

6) ақпартты, анықтаманы, талдауды, хатты назарға алып, мәселені  талқылауға семинар сабақтарына шығару;

7) өзге де  ұйымдастырушылық сипаттағы шешімдерді қабылдауға құқылы.

2017 жылдың бірінші жарты жылдығында Астана қалалық сотының төрағасымен 9 жалпы отырыс төралқасы ұйымдастырылған. Осы төралқада 84 сұрақ қаралған. Атап айтар болсақ:

  • Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының 29 ұсынысты;
  • Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының 6 ұсынысты;
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот алқасында өзгертілген немесе күші жойылған сот актілері бойынша 23 ұсынысты;
  • Жеке және заңды тұлғалардан түскен шағымдардың нәтижесі бойынша ұсыныстар, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының атына түскен ескертпе хаттар 6 сұрақты;
  • Сот әдебі жөніндегі комиссиясының 1 ұсынысты;
  • Аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағаларының 2 ұсынысты;
  • Аудандық және оған теңестірілген соттардың сот төрелігін іске асыру және іс жүргізу жағдайы жөнінде 3 анықтаманы;
  • Сот практикасы бойынша 14 талдауды қаралған.

Жоғарыда көрсетілген сұрақтардың қаралу нәтижесі бойынша Астана қаласы соттарының 1 судьяға қатысты материалды Сот әдебі жөніндегі комиссиясына жолданған, ал 6 судьяға қатысты материалдар Сот жюриінің тәртіптік комиссиясына тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы мәселені қарау үшін жіберілген.

Сонымен, жалпы отырыс пен жалпы отырыстың төралқасының сот төрелегін жүзеге асыру сапасы үнемі бақылауында болып, олар облыстық соттың жұмысын ұйымдастыру, бірқалыпты сот пракикасын құрастыру және судьялармен заңбұзушылықтарды алдын алу жөніндегі маңызды органдар.

 

 

Астана қалалық

сотының судьясы,

жалпы отырыстың хатшысы                                                  

Ш.Ерғалиева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив