Сот жүйесіндегі негізгі қозғаушы күш, басты тұлға – Судья!

Сот жүйесіндегі негізгі қозғаушы күш, басты тұлға – Судья!

«Тура биде - туған жоқ, туғанды

биде – иман жоқ» деген бабалар

сөзінің бүгінгілердің билеріне берер

тәрбиелік мәні мен тағылымы көп.

 

Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықарылық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. Қазақстанда барлық Судьялардың мәртебесі бірдей және бір – бірімен  тек өкілеттіктерімен ғана ерекшеленеді. Судьялар сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады.

Міне, осының барлығы сот жүйесі мен бүгінгінің билеріне деген үлкен құрмет және жанашырлық деп түсінген абзал.

Судья – сот билігінің өкілі, сот билігінің құрметі мен беделін алып жүруші. Оның кәсіби, моралды - адамгершілік және әдептілік келбетіне басқа мемлекеттік билік өкілдеріне қарағанда, қатаңырақ талаптар қойылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев судьяның ары мен жанының таза болуы керектігін, сот жүйесінің халық алдындағы абыройы мен беделі, жұмысының сапасы мен деңгейі судьяның біліктілігіне, парасат- пайымына тікелей байланысты екенін ұдайы айтып келеді. Ол бұл мәселені судьялардың соңғы екі съезінде, жыл сайынғы жолдауларында, соттың жұмысына қатысты басқа да сөйлеген сөздерінде назардан тыс қалған емес.

Бұл орайда, Елбасымыздың судьялардың IV съезінде сөйлеген сөзінде: «Қоғамда Фемидаға деген жұртшылықтың сенімі әлі де төмен. Сот саласындағы келеңсіздік, былық-шылық тыйылмай отыр. Судьяның жұмысының сапасына, оның моральдық бет-бейнесіне деген көңіл толмаушылық жетіп артылады», - деп айтқаны еске түседі.

Осы сияқты, Президент республика судьяларының өткен V съезінде сот саласындағы ең өзекті деген алты мәселені көтеріп, оларды төмендегіше санамалап көрсетіп берді:

  • « бірінші, сот корпусына адал емес адамдардың келу  жағдайлары. Судья кадрларын іріктеудің қолданыстағы жүйесі – біршама күрделі елеуіш болғанымен, судья қоғамдастығы өзін кездейсоқ  адамдармен толықтай  қоршай алмай отыр;

Ал адал және ең бастысы, сатылмайтын сот билігінің болуы елдің  бүкіл құқықтық жүйесінің сапалы жұмысының міндетті шарты болып табылады.

 - екінші, жекелеген судьялардың жеткіліксіз кәсіби деңғейі мен моральдық – этикалық бет-бейнесі;

- үшінші, сот  төрелігін жүргізудің сапасына көңіл толмаушылық пен кінәрәт қоюдың бар екені. Бұл жерде әңгіме сот  саласындағы  былық – шылық, соттың қателіктері, тіпті кей ретте заңнаманы бұзу жағдайларының ұшырасатыны туралы болып отыр;

- төртініші, сот өндірісінің жеткілікті түрде  жетілмегендігі жөнінде Қазақстандық соттың әділеттілігі осыған байланысты болмақ.

- бесінші, сот шешімдерін орындау деңгейі мен сапасы жайныда. Сот билігінің беделі мен ықпалдылығы тікелей осыған байланысты.

- алтыншы, заңнаманың жай – күйінде  жатыр. Сот дауларын туғызатын себептердің бірі- қолданыстағы құқықтың жетіспеушіліктері мен кемшіліктері болып табылады», - деді.

Қарап отырсақ, көтерілген  алты мәселенің тең жартысы, яғни үшеуі судьяның  жеке тұлғасына қатысты екен. Демек, бұдан шығатын қорытынды, сот жүйесін жөндеу үшін ондағы  адам факторларына, судьяның  рөлі мен қызметіне жете мән беріп, жауапкершілігін де, мәртебесін де көтеру қажет.

Сол себепті, судьялардың 2016 жылы 21 қарашада кезекті VII съезінде күн тәртібінде «Судьялар тәртібінің қағидалары мен ережелерінің этикалық кодексіның» қаралуының және қабылдануының маңызы зор.

Би болмысы, оның адамгершілігі, оның моральдық - этикалық бейнесі бәрінен жоғары болуы қажет. Себебі, біздің дана халықымыз әдептілік қағидасын өте ерте заманнан  ұстанған және ислам дінін қабылдаған уақытта да мұны ұмытпаған. Адамдардың бір-бірімен ымыраласып, қоғам болып және әдептілікке сай өмір сүруін қолдаған. Бұқар жыраудың «Аталыдан би қойсаң, адаспас жол мен жобадан, Атасыздан би қойсаң, босамас аузы парадан» деген толғауы немесе халықтың «Биде әділдік болмаса, еліңді дерт шалады» деген мақалы осыны меңзесе керек. Яғни, көшпенді қазақ қоғамында би болмысына деген талаптың деңгейі бүгінгіден кем болмағанын аңғарамыз.

Яғни, «Судья әдебі кодексі» – сот жүйесіндегі басты тұлғаның айнасы болып табылады!

         Жоғарыда айтылған Елбасымыздың республика судьяларының өткен V съезінде сот саласындағы ең өзекті мәселелерінің біріне, осы уақытқа дейін көпшілікпен көтеріліп жүрген судьяның төменгі жасын 30 жасқа көтеру мәселесіне өзгеріс енгізіліп тиянақталып өз шешімін тапты деп ойлаймын. Олай дейтінім, 22-23 жасында оқу бітіріп, небәрі 2-3 жыл қызмет жасаған азамат, қысқа уақыт ішінде оң – солын танып үлгермейді. Тіпті, үздік оқып, білім алған күннің өзінде, оған өмірлік тәжірибе жетіспейді. Мұның ақыры кейде албырттықпен, жастықпен шалағай да асығыс шешім, үкім шығару, орны толмас өкінішке, қателікке апарып соқытырып жатады. Осы тұста «Билік айту оңай, біліп айту қиын»   деген мақал ойға еріксіз келеді.   Ал, отыз жаста қанша дегенмен адам ақыл тоқтатып, біршама тәжірибе жинақтап қалады. Мұндай талап бір жағынан өмірде көріп жүргеніміздей кейбір шенді – шекпенділер мен қалталылардың шала - шарпы оқу бітіріп, тиіп – қашып жұмыс істеген, бойы келгенмен, ойы келмейтін дүмбілез балаларын «25 жасқа толды ғой», деп тамыр – таныстықпен судьялыққа тықпалауына шектеу қойды.  

         Қорыта келе, Судья Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы», «Судьялық әдеп кодексін» және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын қатаң сақтау тиіс.

 

О.С.Шалабаев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив