Цифрландыру және тұрмыстық қылмыстарды төмендету – ішкі істер министрі СҚО полицейлеріне маңызды міндеттерді атқаруды тапсырды

Цифрландыру және тұрмыстық қылмыстарды төмендету – ішкі істер министрі СҚО полицейлеріне маңызды міндеттерді атқаруды тапсырды

ҚР ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенантыЕржанСәденовСолтүстікҚазақстаноблысына жұмыс сапары барысында облыстық полиция департаментінің басшылығымен және жекеқұрамымен кездесті.

Ведомство басшысы өңір полицейлерінің алдына бірқатар маңызды міндеттер қойды. Олардың қатарында – цифрлық технологияларды қолдану аясын кеңейту, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту, су тасқынынан кейін қоғамдық қауіпсіздікті сақтау. Министрдің айтуынша, Солтүстік Қазақстанның халқы ұйымшылдығын көрсетіп, жергілікті атқарушы органдары су тасқынына күрес шараларын белсенді қолға алған.

Сондай-ақ Ержан Сәденов облыс полицейлерін заңнамалық өзгерістер шеңберінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейін төмендету жөніндегі жұмыстарға бағыттады, оған сәйкес бірқатар құқық бұзушылықтар құрамы әкімшілік кодекстен қылмыстық кодекске ауыстырылды. Анықтау органдарының алдына отбасы мен тұрмыс саласындағы ауыр қылмыстардың алдын алу үшін заңнамадағы жаңа өзгерістерді барынша тиімді пайдалану міндеті қойылды.

Сонымен бірге жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, мас күйде жасалатын қылмыстар санын азайту бойынша барлық шараларды қабылдау маңызды екені айтылды.

Бұдан бөлек,министрқызметтіктәртіптінығайтуға баса назараударды.

Кездесу соңында ІІМ басшысы мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тәртіп сақшыларын келе жатқан кәсіби мереке — Қазақстан полициясы күнімен құттықтады.

Сонымен қатар Ержан Сәденов өңірге сапары барысында ҚР Ұлттық ұлан академиясының жас офицерлеріне дипломдарын табыстады және мамандандырылған түзету мекемесінің құрылысына бөлінген жер учаскесінің жобасымен танысты.

СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімі

https://polisia.kz/ishki-ister-ministri-zhumys-saparymen-soltustik-qazaqstangha-bardy/

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив