Жыл басынан бері ІІМ іздеуде жүрген 600-ден астам қылмыскерді ұстады

Жыл басынан бері ІІМ іздеуде жүрген 600-ден астам қылмыскерді ұстады

Іздестіру жұмысы – ішкі істер органдарының қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі. Оның мақсаты – жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету.

Жыл басынан бері ІІМ криминалдық полициясы іздеуде жүрген 633 қылмыскерді ұстады, олардың ішінде 17 кісі өлтіруші, 15 тонаушы, 9 қарақшы, 7 бопсалаушы және 35 есірткі қылмыскері бар.

– Қылмыскерлерді іздеу тек Қазақстанда ғана емес, шет елде де жүргізіледі. Оларды ұстауға Интерпол көмектеседі. Биыл қаңтарда Анкара қаласында біз Түркияның Ішкі істер министрлігімен және Интерпол Бас хатшылығымен кездесу өткіздік. Қазіргі уақытта әр түрлі қылмыстар жасағаны үшін іздеудегі 12 қылмыскер Түркияда ұсталды, – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Жалпы Қазақстан аумағынан тыс жерде барлығы 38 адам ұсталды, оның ішінде Түркия, Испания, АҚШ, Швеция, Чехия, Біріккен Араб Әмірліктері және Польша сияқты алыс шет елдерде – 19. Ресей, Қырғызстан, Грузия және Өзбекстан сынды таяу шет елдерде де – 19.

Шетелдік әріптестер үшін Қазақстан полициясы ел аумағында 150 қылмыскерді ұстады. Атап айтқанда, Ресей Федерациясы үшін – 92, Өзбекстан үшін – 30, Қырғызстан үшін – 16, Тәжікстан үшін – 8, Армения үшін – 3 және Әзірбайжан үшін – 1 қылмыскер.

– Іздеуде жүрген қылмыскер Дубай қаласында ұсталып, елге әкелінді. Ол 2010 жылы банктен 300 миллионға жуық теңгені иемденген.

Сонымен қатар Польшада тағы бір қылмыскер ұсталды. Ол 2016-2019 жылдары Астана қаласында бір компанияның бухгалтері болып жұмыс істеп, 400 миллион теңге жымқырған, – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Одан бөлек, жыл басынан бері республиканың криминалдық полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 259 адамның орналасқан жерін анықтады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив