СҚО полицейлері жыл басынан автокөліктерді заңсыз жолмен қайта жабдықтаудың 200 жуық дерегін анықтады

СҚО полицейлері жыл басынан автокөліктерді заңсыз жолмен қайта жабдықтаудың 200 жуық дерегін анықтады

Елден сұйытылған газды әкетуге тыйым салуға байланысты 14 желтоқсаннан бастап СҚО полицейлері облыстық көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Бірнеше күннен бері мұндай әрекеттер анықталған жоқ. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ауыр жүк көлігін заңсыз жолмен қайта жабдықтауды тексеруде.

"Қозғалтқышы үлкен көлік жүргізушілері көбінесе автогазды қолданады. Естеріңізге сала кетейік, қайта жабдықтау рәсімі тиісті рұқсат болған жағдайда ғана мүмкін болады, — дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. — Заңсыз қайта жабдықтау қалыпты жұмыс режимінің бұзылуына және апат қаупіне әкелуі мүмкін".

Бұл көлік құралының құрылысында қарастырылмаған кез-келген өзгерістерге қатысты. Қосымша жарықтандыру құрылғыларын орнату, шанақтың көлемін ұлғайту және "баптаудың" басқа элементтері рұқсат етіледі, бірақ мамандардың келісімімен ғана. Өзге жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 590-бабы "Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша жауапкершілік көзделген. 7-бөлім заңсыз қайта жабдықталған көлік құралын пайдаланғаны үшін 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

2023 жылдың басынан бастап СҚО-да заңсыз қайта жабдықталғаны үшін 198 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция мен көліктік бақылаудың бірлескен рейдтері бұдан әрі де тұрақты негізде жүргізілетін болады. 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив