Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты акция ұйымдастырды

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты акция ұйымдастырды

2023 жылғы 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін Қазақстанда «Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы өткізіледі, оның негізгі мақсаты отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін өзектендіру, халыққа кеңінен отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін өз құқықтары мен жауапкершіліктерін түсіндіру, құқықтық, әлеуметтік (медициналық, психологиялық және т.б.) тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету.

Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты аталған акцияға облыстық деңгейде қатысады. Қызметкерлер дайындалған буклеттерді таратады, азаматтарға отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін құқықтық жауапкершілікті түсіндіреді, мемлекеттік ұйымдарда, базарлар мен сауда үйлерінің аумағында, қоғамдық орындарда кеңес береді.

Мәселен, 2 желтоқсанда қалалық «Керуен» ойын-сауық орталығының аумағында «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты тұрғындардың назарын отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне аудару, азаматтарға отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін өз құқықтары мен жауапкершіліктерін түсіндіру, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына құқықтық, әлеуметтік (медициналық, психологиялық және т.б.) көмек көрсету болды. СОО-да әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлеріне төзбеушілікпен қарауға шақыратын институттың дайындаған плакаттар ілінді. Ақпаратты қабылдауды күшейту үшін слайдтар мен роликтердің демонстрациялары, сондай-ақ қаланың шақырылған әртістерінің қойылымдары ұйымдастырылды.

Іс-шараға Ақтөбе қаласы әкімі жанындағы тұрғын үй және отбасылық-демографиялық саясат істері жөніндегі комиссияның мүшелері, облыстық филармонияның әртістері, зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету дағдарыс орталықтарының қызметкерлері, ҮЕҰ және қоғамдық өкілдері белсенді қатысты. Ойын-сауық орталығының әртүрлі бұрыштарында мамандар азаматтарға тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына психологиялық және құқықтық қолдау көрсету мәселелері бойынша кеңес берді.

Институттың алғашқы кәсіби даярлық курсының қызметкерлері мен тыңдаушылары азаматтарға тұрмыстық зорлық-зомбылықты тану, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін қандай құқықтық жауапкершілік көзделгені, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалған жағдайда жәбірленушіге не істеу керектігі, көмек сұрауға қайда жүгіну керектігі сияқты мәселелерді түсіндірді, азаматтарға шұғыл көмек көрсететін қызметтердің телефондары көрсетілген «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің іс-қимыл алгоритмі» парақшалары таратылды.

Институт басшылығы іс-шараға белсенді қатысқаны үшін «Керуен» ойын-сауық орталығының басшыларына, зорлық-зомбылықтан әйелдерді қолдау дағдарыс орталығының директоры Д.К. Қарабалинаға, «Аналар үйінің» үйлестірушісі М. Өтегеноваға, «Дәріс Ақтөбе» ҮЕҰ басшысы Г.Идигееваға, Ақтөбе облыстық филармониясының басшылары мен әртістеріне алғысын білдірді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив