Қазақстанда “Сіздің учаскелік полицей!” атты республикалық акциясы басталды

Қазақстанда “Сіздің учаскелік полицей!” атты республикалық акциясы басталды

Қазақстанда “Сіздің учаскелік полицей!” атты республикалық акциясы басталды.

Өз ісіне жауапты, мұқият, адалдық – учаскелік полиция инспекторының стандарты. Ол құқық қорғау органдарының арасындағы адамға ең жақын өкіл.

Учаскелік полицейлер халықпен күнделікті тікелей байланыста, азаматтарға бірінші болып көмекке келіп, проблемаларын зерттейді, шешу жолдарын табады. Олар қылмыстың жолын кесіп, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартып, олардың тыныштығын сақтайды.

ІІМ халыққа жақынырақ болу үшін “Сіздің учаскелік полицей!” атты республикалық акциясын бастады.

Ведомствода атап өткендей, акцияның мақсаты – әрбір тұрғынға жету және белгілі бір аумақта құқықтық тәртіпті нығайту, полиция жұмысы туралы ақпарат алу, сондай-ақ қызмет көрсетілетін әкімшілік учаске бойынша ақпаратты толық иелену.

Шара барысында учаскелік полиция инспекторлары визит карточкаларын тарата отырып, пәтерлерді аралайды, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтап, ұсақ бұзақылық жасау, спирттік ішімдіктер ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде жүргендерді анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс жүргізеді.

Сонымен қатар учаскелік полицейлер тұрғындар құрған әлеуметтік желілердегі чаттарында белсенді байланыс орнатып, онда ақпарат пен шұғыл хабарламалармен алмасады.  ІІО қызметін жетілдірудің басым бағыттарының бірі – азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату және әкімшілік учаскелердегі құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жандандыру.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар мен басқа да ұйымдар өкілдерінің қатысуымен тұрғындармен кездесулер өткізу, учаскелік полиция пункттерінде азаматтарды қабылдау жоспарлануда.

Акция барысында “Үздік учаскелік полиция инспекторы” атағына конкурс өтеді. Ол үш кезеңде өткізіледі. Басты мақсат – кәсіби және іскерлік қасиеттерге, сондай-ақ осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін ең құзыретті учаскелік полиция инспекторын анықтау.

Айта кету керек, бүгінде елімізде 3 мыңға жуық учаскелік полиция пункті бар. 7 мыңнан астам учаскелік полицей қызмет атқарады, оның 3,9 мыңы – қалаларда, 3,4 мыңы – ауылдарда. Учаскелік учаскелерге барлығы 6 мың әкімшілік учаске бекітілді.

Аталған республикалық акция қараша айының соңына дейін жалғасады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив