Беларусь пен қазақстандық полицейлер күзет қызметі саласындағы озық тәжірибемен алмасты

Беларусь пен қазақстандық полицейлер күзет қызметі саласындағы озық тәжірибемен алмасты

Беларусь пен қазақстандық полицейлер күзет қызметі саласындағы озық тәжірибемен алмасты.

Қазақстанның ІІМ-де ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Беларусь ІІМ күзет департаментінің бастығы Александр Шепелевпен кездесті.

Екі тарап мемлекеттік күзетке жататын объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, сондай-ақ күзет қызметі саласындағы озық жұмыс тәжірибесімен алмасты. Сондай-ақ беларустық әріптестер ІІО мамандандырылған күзет бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру және олардың аумақтық полиция департаменттерімен өзара байланыста жұмыс жасау тәсілімен танысты.

Сонымен қатар қонақтарға алғашқы дайындықбойынша оқу орталығында үміткерлерді оқыту процесі көрсетілді.

– Бүгінгі кездесуді министрліктер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мен дамыту жолындағы кезекті маңызды қадам деп бағалаймын. Бұл сапар Қазақстан мен Беларусь ІІМ арасындағы қалыптасқан тығыз әріптестікті нығайтады деп сенемін. Біздің елімізде болу, күзет қызметін ұйымдастырумен танысу делегация үшін қызықты болады деп ойлаймын, – деп атап өтті Қожаев.

Сондай-ақ ол Александр Шепелевке мемлекеттік қызметте сәттілік тілеп, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін “Қазақстан полициясына 30 жыл” мерейтойлық төсбелгісімен марапаттады.

Өз кезегінде шетелдік делегация қазақстандық әріптестеріне қонақжайлылығы мен ынтымақтастыққа ашықтығы үшін алғысын білдірді.  

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив