Сарысуда Мемлекет басшысының тапсырмалары орындалуда

Сарысуда Мемлекет басшысының тапсырмалары орындалуда

         Ағымдағы жылдың 30 маусымында Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өткізілген болатын. Президент Ішкі істер министрлігі мемлекеттік басқару жүйесінде айрықша рөл атқаратын құрылым екенін атап өтіп, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күресу аса маңызды міндет саналатынын айтып, біршама тапсырмалар жүктеді.

         Сарысу аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында Мемлекет басшысының алқа мәжілісіндегі жүктеген міндеттері мен «Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында аудан әкімі Сәкен Мамытов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

         Жиынды аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Асхат Алметов жүргізіп, полиция бөліміне жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың орындалуында жергілікті әкімдіктің ықпалы көп екенін жеткізді. Сонымен бірге, тұжырымдамадағы 7 бөлім, 19 міндет бойынша ауданда атқаруға тиіс мәселелер бойынша баяндама жасап, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған қоғамдық орындардағы модульдік бекеттер, учаскелік пункттер, сервистік орталықтардың жұмысын жүргізу үшін аудан басшысының қолдауы мен көмегі қажет екенін жеткізді. 

АПБ бастығы сондай-ақ сервистік модель аясында полицияның халықпен өзара іс-қимылы ең алдымен ішкі істер органдарына деген сенімге негізделуі үшін барлық қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті. 

Аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған цифрландыруды одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігін  қамтамасыз ету үшін «Сергек» камерасын іске қосу бойынша жергілікті бюджеттен тиісті қаражаттың бөлінетіндігін айтты. Сонымен қатар, аудандық полиция ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу үшін қажетті құжаттарды реттеуді тапсырды.

Бүгінгі таңда ауданда 14 учаскелік полиция пункті бар.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив