Петропавлда учаскелік инспектор зейнеткерге алаяқтардың құрбанына айналмауға көмектесті

Петропавлда учаскелік инспектор зейнеткерге алаяқтардың құрбанына айналмауға көмектесті

Интернет-алаяқтықты ашу және алдын алу – 18-20 сәуір аралығында өткізілген «Аnti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты. Криминалдық полиция қызметкерлері халықпен бірқатар кездесулер өткізді. Мысалы, «Алтын арман» және «Еуразия» базарларының аумағында тәртіп сақшылары жадынамалар таратып, желілік алаяқтардың негізгі схемалары туралы айтты.

Сондай-ақ 3 күн ішінде жедел уәкілдер 15 интернет-алаяқтықты ашты. Оның ішінде 10-ы – бұрын жасалғандар. Бір бөлігі бөтен адамдардың атына шағын несие ресімдеудің фактілері. Мұндай жағдайлардың барлығы дерлік қаскөйлер жәбірленушілердің телефондарына кіріп, кодтар мен парольдерді білген кезде жасалады. Бұдан бөлек, ашылған қылмыстардың қатарында пәтерді жалға алу, жиһазды «сату» сияқты жалған хабарландырулар үшін алдын-ала төлем алу деректері бар. Алаяқтар арам ойларын OLx тегін хабардандырулар сайтында жүзеге асырған.

Осы күндері 68 жастағы Петропавл тұрғыны полицейлерге алғысын айтып жүгінді. Оған белгісіз адам қоңырау шалып, өзін полиция капитаны ретінде таныстырып, қызы адамды қағып кетті деп хабарлаған. Әрі оқиғаның шынайы екенін көрсету үшін тұтқаның рағы жағындағылар «Анашым, көмектес!» деген әйел адамның даусы қосқан. «Қиын мәселені шешіп беру үшін» жалған полиция қызметкері телефон нөміріне 100 мың теңге салып жіберуді талап етіп, уайымға батқан әйелдің әрбір қадамын бақылап отыру үшін әңгімені үзбеу қажет екенін айтқан. Зейнеткерге бұл әңгіме күмәнді көрінсе де, қызының аты-жөнінің дұрыс аталғандығын және даусының ұқсастығын байқаған. Жол бойы кездескен азаматтардан ол екі рет жасырын түрде қызының нөміріне қоңырау шалуды өтінген, алайда оған ешкім көмектеспепті. Қуанышқа орай, банкоматта жанында оның қобалжулы жағдайын учаскелік полиция инспекторы Медет Сәдуов байқап қалған. Ол алаяқпен сөйлесе бастаған кезде, тұтқаны арғы жағындағы адам әңгімені бірден тоқтатқан. Медет зейнеткердің қызына хабарласып, телефон алаяқтығының алдын алды. Қызының дін аман екеніне көзі жеткен анасы да риза болып қалды.

Полицейлер облыс тұрғындарынан жақындарына, әсіресе қарт туыстарына алаяқтықтың ықтимал схемалары туралы ескертуді сұрайды. Құпия деректерді ешкімге жібермей, алдын-ала төлемге келіспеңіздер. «Банктен шалынатын қоңырауларға» сенбеңіздер. Белгісіз адамдардың қысым көрсетуімен ақша аударымын жасамаған жөн. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/petropavlda-uchaskelik-inspektor-zejnetkerdi-alayaqtyng-arbauynan-qurtqaryp-qaldy/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив