СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы үш айдағы жұмысын қорытындылады

СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы үш айдағы жұмысын қорытындылады

 (видео: https://youtu.be/fl-ncYruSBk ) 

  СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа күрес басқармасы жыл басынан бері атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Аталған басқарманың құзыретіне қорқытып алу, бұзақылық, қылмыстық топтар мен қауымдастықтардың қызметін болдырмау, адам саудасына қарсы күрес, ұйымдасқан қылмысты қаржыландыруға қарсы іс-қимыл кіреді. Бұл бөліністің жедел уәкілдері қылмысқа қарсы күрестің алдыңғы шебінде; қоғамның қауіпсіздігі олардың кәсібилігі мен табандылығына тікелей байланысты.

Жыл басынан СҚО ПД ҰҚҚКБ-мен бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстар қаралды. Мәселен, 2022 жылдың соңғы күндерінде Петропавл полициясына 18 жастағы қала тұрғыны жүгініп, белгісіз адамдар оған күш көрсетіп 40 000 теңге талап етіп жатқанын айтқан. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде облыс орталығының әр түрлі оқу орындарының 17 жастағы үш оқушысы ұсталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 194-бабы «Қорқытып алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бұдан бөлек, келіп түсетін әр жедел ақпарат тұрақты негізде тексеріледі. Ақпан айының соңында Петропавл тұрғындарының бірінде тіркелмеген қарудың бар болуы туралы мәліметтерді тексеру кезінде «Челябі-Новосібір» тас жолында ішінде үш қала тұрғыны отырған ВАЗ-2115 автокөлігі тоқтатылды. Жүксалғыштан екі тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтық және төрт сібір елігінің еті табылды. Бұдан кейінгі іс-шаралар барысында Петропавлдағы саяжай учаскелерінің біріндегі үйден 2 еліктің еті мен еліктердің 41 терісі, 119 тұяқ, 12 басы тәркіленді. Аталған факті ҚР ҚК 337-бабы «Заңсыз аңшылық» бойынша Сотқа дейінге тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдіктілер қамауда.

Сондай-ақ жедел ақпаратты тексеру кезінде ҰҚК және ҚАЖ облыстық департаменттерінің қызметкерлерімен бірлесіп Жұмысшы кентінде тегіс ұңғылы және иір ойықты қаруларға арналған оқ-дәрі мен қару-жарақ салынған орын табылды.

Ойын-сауық мекемелері, әсіресе келушілер мас күйінде келіп, жанжал шығарып, бұзақылық жасайтын мекемелер де бөлініс қызметкерлерінің назарында. Осылайша, Петропавлда қоғамдық орындарда мас күйе төбелес шығарып, күзет пен келушілерді жүйелі түрде қорқытып отыратын 22 жастағы жігіт ұсталды. Айта кету қажет, жас жігіт 18 жасынан бастап түрлі құқық бұзушылықтар үшін 8 рет жауапқа тартылды.

Полицейлер айтып өткендей, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күреспен қатар құрамында спирт бар және темекі өнімдерінің контрабандасы мен заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл да жедел уәкілдердің бақылауында. Көптеген қылмыстар, ауыр зардаптармен аяқталатын жол-көлік апаттары мен жазатайым оқиғалар маскүнемдіктің салдарынан орын алады. Қаңтар айынан бастап СҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері жалпы сомасы 7,5 млн.теңгеден асатын 2 140 литрден астам алкоголь мен 5 329 қорап темекі өнімдерін заңсыз айналымнан тәркілеп алды.

«Осылайша, солтүстікқазақстандық ҰҚҚКБ қызметкерлері қылмыстық схемаларды әшкерелеу мен күдіктілерді ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының тұтас кешенін жүргізді, - дейді бөлініс бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев. – Тергеу мүддесі үшін бүгін оларға қатысты ақпараттың тек аз бөлігі ғана жария етіледі. Нақты нәтижеге бағытталған күнделікті жұмыс жалғасуда. Бұл дегеніміз - қылмыстар жасау үшін жазадан бұлтартпау қағидатына қол жеткізу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету». 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив