Балалар неліктен үйден кетеді?

Балалар неліктен үйден кетеді?

2023 жылдың басынан бері Жамбыл облысының полициясына кәмелетке толмаған 80 жасөспірімнің үйінен және уақытша болу орындарынан өз бетінше кету деректеріне қатысты 75 хабарлама келіп түсті, олар қысқа уақыттың ішінде табылып үйлеріне қайтарылып отырды. 

Полиция қызметкерлері іздеу іс-шараларын жүзеге асыра отырып,  жоғалған кәмелетке толмаған баланың орналасқан жерін анықтау бойынша шаралар қабылдап қана қоймайды, баланың үйден кету себептерін анықтайды және талдау жасайды. 

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің басым бөлігі үйінен шығып кетсе, тек 5 жағдайда ғана әлеуметтік мекемелерден кетіп қалған. Негізінен қыздардың қашып кетуі жиі орын алады, ал ұлдардың кетуі сирек. 2023 жылы кейбір жасөспірімдермен бір емес  бірнеше  рет үйден қашып кету дерегі орын алған. 

Полицейлер кәмелетке толмағандардан кету себебін сұрағанда, олар серуендеу үшін  шығып кеткендерін түсіндірді. Көрші елдімекендерге, сауда орталықтарына жол-жөнекей  көліктерді тосып барған және көшеде жаңа таныстар тапқан. 

- Әлеуметтік мекемелерден кетулеріне түрткі болған себептері туралы айтатын болсақ,  жасөспірімдер көбінесе мекеме режимін сақтағысы келмеуімен, бостандық  пен тәуелсіздікке ұмтылуымен түсіндіреді. Үйден ата-анасынан қашқан балаларға келетін болсақ, олардың себептері - үй шаруасымен айналысқысы келмеуі немесе оқуға көбірек уақыт бөлуіне байланысты жанжалдан кейін орын алған. Ал басқалай  себептері - туыстарының сенімі мен өзара түсіністігінің болмауы, олардың немқұрайлылығы салдарынан болған. Бала адасып немесе ұзақ күнге ойнап, уақытты жоғалтып, аналары ұрсады деп үйге барудан қорқатын кездері де  болған. Кетіп қалудың тағы 6 дерегі жасөспірімдердің психикалық ауытқуларынан туындады, - деді Жамбыл облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының м.а полиция майоры Манас Әбдікәрімов. 

Кейде балаларды үйден қашуға ата-аналардың әдепсіз мінез-құлқы да итермелейді, олар алкогольдік ішімдікті асыра пайдаланады, шулы компанияларды үйге әкеледі, жақындарына үнемі дөрекілік көрсетеді және қорлайды, кейде қолдарын көтереді.

Жасөспірімдер айтқан мұндай дәлелдерді полиция қызметкерлері мұқият тексереді және егер кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-аналардың орындамау немесе тиісінше орындамау дерегі анықталса, ата-аналарды (заңды өкілдерді) әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы мәселе қаралады. Айта кету керек, 2023 жылы ата-аналардың әдепсіз мінез-құлқына байланысты балалардың үйден кету жағдайлары анықталған жоқ.

Дегенмен, барлық ата-ана балаларының өздерінің айнасы және өмірінің жалғасы екенін есте ұстауы керек. Баланың бір кездері үйренгенінің бәрі (жақсы да, жаман да) сізге байланысты. Өйткені, сіздің балаңыз кәмелет жасына толғанға дейін оған толық жауапты боласыз. 

Жамбыл облысының Полиция департаменті кәмелетке толмаған жасөспірімнің үйден кетіп қалуы қадағалаусыз жүріп-тұруға, қауіпті ықпалға оңай түсіп, көбінесе қылмыстық және азғындық әрекеттерге тартылуына, сондай-ақ өздері де қылмыстың құрбаны болуы секілді ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертеді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив