СҚО ПД бастығы жеке құрамның тәртіп мәселелері бойынша кездесулер өткізуде

СҚО ПД бастығы жеке құрамның тәртіп мәселелері бойынша кездесулер өткізуде

Полиция қызметкерлері қатарында тәртіпті нығайту-ашықтық, қолжетімділік және халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшу қағидаттарын іске асыру үшін жүргізілетін үлкен жұмыс шеңберіндегі негізгі міндеттердің бірі. СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов Солтүстік Қазақстан полициясының ең ірі бөлімшесі — Петропавл қаласының полиция басқармасы және СҚО ПД аппаратының жеке құрамымен кездесулер өткізді. Кездесулерге жедел қызметтердің, тергеу мен анықтаудың, патрульдік полицияның, сондай — ақ штабтың, көші-қонның, ақпараттандыру және байланыс және өзге де бөлімшелердің басшылығы мен жеке құрамы қатысты, өйткені тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол бермеу мәселелері барлығына бірдей қатысты.

«Погон тағып жүрген адамдарға зор сенім жүктелген. Құқықтық тәртіп, қоғамдық қауіпсіздік пен адамдардың тағдыры олардың кәсіби әрекеттеріне байланысты. Тіпті қызмет атқаруға қажетті жағдай жасап отырған мемлекеттік тұрақтылығы да байланысты, - деп атап өтті Айдын Қабдұлдинов. - Полицейлер тұрақты жалақымен және әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етілген. Бұған жауап ретінде мемлекет заңдылықтың қатаң сақталуын және адамдардың заңды мүдделерін қорғау жөніндегі борыштың мүлтіксіз орындалуын күтеді".

Кездесулерде бейнероликтер көрсетілді, есепке алу-тіркеу және автокөлік тәртібін бұзудың нақты жағдайлары, тұрақты бейнебақылау талаптары және полиция қызметкерлері тарапынан қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасау үшін жағдайларды болдырмауға бағытталған басқа да нормалар қарастырылды. Бөлімшелер басшылығына бұзушылықтарды жою жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Аудандық полиция бөлімдерінде осындай кездесулер жалғасуда.

Тәртіп сақшылары еске салады: полиция қызметкерлері тарапынан кез-келген заң бұзушылықтар туралы СҚО ПД ӨҚБ сенім телефонына хабарлауға болады: 8 (7152) 61-26-89; +7-700-161-26-89 (WhatsApp). Сондай-ақ, 1402 "ҚР ІІМ Бірыңғай сенім телефоны" жұмыс істейді. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/ru/nachal-nik-dp-sko-provodit-vstrechi-po-voprosam-distsipliny-lichnogo-sostava/

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив