Таразда арзан бағада қант сатамын деген Алматыдан келген алаяқ ұсталды

Таразда арзан бағада қант сатамын деген Алматыдан келген алаяқ ұсталды

Полицияға жергілікті тұрғыннан бейтаныс адамның оған қант зауытынан төмен бағамен 20 тонна қант сатып алып беруге уәде беріп, алдап кеткені туралы хабарламасы түсті. Ер адам жүк көлігімен қант алуға келгенде күдікті одан ақшаны алып, оны зауыт қақпасына жібереді, ал өзі осы уақытта белгісіз бағытта жасырынып, байланысқа шығуын тоқтатқан. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 4 миллион 200 мың теңгені құрады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер бұрын бірнеше рет сотты болған Алматы қаласының 37 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.  Қазіргі уақытта оның бұдан басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда.

Айта кетерлігі, бұл біздің өңірдегі жалған қантты сату бойынша алаяқтық дерегінің алғашқы жағдайы емес. Бірнеше ай бұрын алаяқ сенімге кіріп, алдау жолымен Тараз тұрғындарына жалпы көлемі 2 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив