«ҚОСТАНАЙДА «ӘДІЛДІКТІ ТАЛАП ЕТ!»  НАУҚАНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ!»

«ҚОСТАНАЙДА «ӘДІЛДІКТІ ТАЛАП ЕТ!» НАУҚАНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ!»

Ол жайлы Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаментінің "Antikor Ortalygy" алаңындағы есептік конференцияда белгілі болды.

Еске салайық, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен қоса 2022 жылғы 15 тамыздан 15 қыркүйек аралығында «Әділдікті талап ет!» ауқымды науқан өткізді.

Науқанның негізгі мақсатына қоғамда сыбайлас жемқорлықтың барлық келбетіне нөлдік шыдамдылықты қалыптастыру және осы процеске ел азаматтарын жаппай қатыстыру болды.

Іс-шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі басшысының бірінші орынбасары Алмас Аманов және Қостанай облысы бойынша «Әділдік жолы» филиалыныңы басшысы Асет Байлин бұқарамен кездесу өткізді, ол кездесуде автомобиль жолдарын жөндеу мен құрылысы саласындағы мәселелер баяндалды.

"Науқан кезең бойынша автомобиль жолдары саласындағы қоғамды толғандырған ауқымды мәселелерді қамтыды, себебі сыбайлас жемқорлық осы салада жиі кездеседі. Науқанды өткізу кезінде жолдардың сапасын тексеру мақсатында аудандар мен Қостанай қаласына отызға жуық шығу шарасы жүргізілді. Барлығы 80-нен астам сапасыз жол анықталды" – деп түсіндірді Асет Байлин.

Антикор қызметкерлері және сарапшылары бірлесе отырып, шығу шаралары мен азаматтардың өтінімдері негізінде әлеуметтік желілерде, күнделікті атқарылған жұмыстар туралы роликтерді жасап, жариялап отырды.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, науқан аясында колл-орталықтар мен Adildik.kz веб-сайты арқылы азаматтардан 167 өтінім түсіп, оларған консултативті-құқықтық көмек көрсетілді.

Түскен өтінімдерге жүргізілген талдау негізінде барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарға 32 сұраным жолданды.

Бүгінгі таңға келіп түскен жауаптардан, аудандардағы ТКШ бөлімдерімен 2023 ж. Жолдарды жөндеу үшін бюджеттік қаражатты бөлуге Қостанай облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының басқармасына бюджеттік өтініштер жолданды.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив