Жамбыл облысында

Жамбыл облысында "Аймақ" ЖІШ шеңберінде 93%-дан астам тұрғынның пәтер аумағында тексеріс жүргізілді

Жамбыл облысының аумағында ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап "Аймақ" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Бұл іс-шараның мақсаты – әкімшілік аумақтардағы мәселелерді зерделеу үшін тұрғындарды барынша қамту, азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алудағы жұмыстың тиімділігін арттыру.

Учаскелік инспекторлар күн сайын тұрғындар туралы мәліметтер алу үшін өз аймақтарын, пәтерлерді және аулаларды аралайды. Тұрғындарға учаскелік инспектордың және әкімшілік учаскеге қызмет көрсететін ІІО кезекші бөлімінің байланыс деректері бар есімдік карточкаларын таратады.

Іс-шара басталғаннан бері өңірдегі пәтерлерді аралау халықтың 93% – дан астамын қамтыды. Бұл көпқабатты үйлердегі 90 мыңнан астам пәтер және 196 мыңға жуық жеке үйлер.

Сонымен қатар, полицейлер күн сайын құқық бұзушылыққа жол беретін адамдарды анықтап, олармен профилактикалық әңгімелер жүргізеді. Бүгінгі таңда 13000-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Осы уақыт ішінде тіркеусіз тұрғаны үшін 2500-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, көші-қон заңнамасын бұзудың 1300-ден астам фактісі анықталды.

Бұдан басқа, полицияда есепте тұрған адамдарды, сондай-ақ қару иелерін тексеру, оны сақтау шарттары мен ережелерін фотофиксациялаумен жүзеге асырылады. Осылайша, тәртіп сақшылары азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларының 80-нен астам бұзушылықтарын анықтап, ішкі істер органдарының есебінде тұрған 3 мыңнан астам адамды тексерумен қамтыды. Олармен құқыққа қайшы әрекеттер жасауға жол бермеу туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Бұл профилактикалық іс-шаралар 2022 жылғы 1 қарашаға дейін жалғасатын болады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив