Тараз қаласында

Тараз қаласында "Дабыл-Антитеррор-2022"жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтуде

Ағымдағы жылдың 14 қазанында сағат 09:00-ден бастап Жамбыл облыстық Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы Тараз қаласының "Әулие- Ата" халықаралық әуежайында(Әуежай көшесі, н/ж) "Дабыл-Антитеррор -2022" жедел-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізеді.

Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының шұғыл ден қою және терроризмнің шартты актісінің жолын кесу, сондай-ақ оның салдарын барынша азайту және жою жөніндегі міндеттерді орындауға практикалық дағдыларын пысықтау болып табылады.

Жаттығу мүмкіндігінше әр түрлі күрделі элементтері бар жауынгерлік жағдайларға  сай ұйымдастырылған.

Оқу-жаттығу шеңберінде Тараз қаласының әуежайы ауданында автокөлік құралдарының қозғалысын шектеу жөніндегі шаралар көзделген.

Азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.

Жамбыл облыстық Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив