Өскемен полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде

Өскемен полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде

Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдардың мас күйінде, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және қылмыстарға жол бермеу мақсатында полицейлер тұрақты профилактикалық жұмыс жүргізеді.

Мәселен, Өскемен қаласы Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметінің әйелдер құқығын зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Алена Мокинаға әйел адам азаматтық некедегі жұбайына шағымданып, ішімдік іштен күйеуі отбасында жанжал шығаратынын айтқан.  Отбасылық құқық бұзушымен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырыды, ол бойынша сот отырысының шешіміне сәйкес ескерту түрінде жаза қолданылды және 1 жыл мерзімге мінез-құлыққа ерекше талап қойылды.

Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, онда сіз дереу жақын жердегі полиция бөліміне немесе "102" каналына хабарласуыңыз керек.

Сондай-ақ, егер сіз өзіңіздің жақындарыңызға, туыстарыңызға немесе көршілеріңізге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы білсеңіз, шетте қалмауды және құқық қорғау органдарына хабарлауды сұраймыз, осылайша Сіз біреудің өмірін сақтай аласыз!

Өскемен қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив