ҚАЖ комитеті төрағасының орынбасары жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді

ҚАЖ комитеті төрағасының орынбасары жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді

ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының орынбасары, әділет полковнигі Дамир Тайжанов жұмыс сапарымен  Қызылорда  облысы бойынша ҚАЖ департаментіне келді.

Дамир Ануарбекұлы өңірге жасаған жұмыс сапары барысында алдымен ҚАЖ мекемелерін, ондағы тұрғын үй –жайларды, асханаларды, өндірістік аймақтарды, сондай-ақ медициналық бөлімдерді аралап шықты.

Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекеменің өндірістік аймағында 13 жеке кәсіпкер өз кәсібін ашқан. Атап айтар болса, тротурар плиталары, құм блогы, газоблок, ағаштан жасалған қолөнер бұйымдары және гипстен жасалған ойыншықтар шығарылады. Сонымен қатар тігін цехында мұнай-газ өндірісінде жұмыс істейтін қызметкерлерге арнайы киімдер тігілуде.

Мекемелерді аралау барысында тергеу изоляторы мен түзеу мекемелеріндегі  сотталғандардың  арыз-шағымдарын, өтініштерін саусақ таңбасының көмегімен өкілетті органға жөнелтілетін электронды терминалдардың жұмыс барысымен танысып, бейнебақылау жүйелерімен толықтай қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарға ерекше назар аударып,   сотталғандардың ұсталу жағдайымен олардың құқықтарының сақталуы жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Сонымен қатар,  жауаптыларға сотталғандар еңбек ететін жұмыс орындарын құру үшін жеке кәсіпкерлерді мекеменің өндірістік аймағына тарту бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруды тапсырды.

Сонымен қатар, Д.Тайжанов арнайы контингенттің өтініштері мен арыздарын беру үшін арналған терминалдардың жұмысын тексерді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Д.Тайжанов ҚАЖ өңірлік департаментінің басшылығымен және жеке құрам қызметшілерімен кездесу өткізіп, ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жолдауына сәйкес мекемелерде жаппай бейнебақылау орнату, сотталғандардың ұстау режимін қолдау бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді, сондай-ақ сотталғандардың құқықтарын мүлтіксіз сақтауға ерекше назар аударылды.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив