Солтүстік Қазақстан облысында 126 тұлға сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзды

Солтүстік Қазақстан облысында 126 тұлға сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзды

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин мемлекеттік органдардың басшылары қатысқан «Әкімшілік практика – сыбайлас жемқорлықты алдын алудың тиімді құралы» тақырыбындағы кеңес барысында хабарлады.

2022 жылдың басынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство ҚР ӘҚБтК-нің 154-бабы (Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы) және 680-бабы (Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы) бойынша 10 әкімшілік материал толтырылды, оның ішінде 9 материал бойынша жалпы сомасы 2,6 млн. теңгеден астам айыппұл салынып, 6,3 млн. теңге мөлшерінде алынған кіріс тәркіленді және 1 іс сотта қаралуда.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді мониторингілеу барысында жемқорлықтың 126 субъектісі жоғарыда көрсетілген шектеулерді бұзғаны анықталды. Көп жағдайда бұл Заңмен осындай қызметті жүзеге асыруға тыйым салынған адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактілері. Қазір қызметкерлер процессуалдық шешім қабылдау үшін әрбір фактіні егжей-тегжейлі зерттеп жатыр», - деді Нұрлан Жахин.

Спикер жиналғандардың назарын ӘҚБтК-нің 680 және 681-баптарына – яғни «мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы» және «бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау» баптарына ерекше аударды.

Атап айтқанда, Департамент 680-бап бойынша лауазымды тұлғаларды активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынбай тағайындау фактілерін анықтады. Бүгінгі таңда 6 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

«Басшылар адамдарды жұмысқа қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін соттылығының болуына тексеру жүргізуі, сондай-ақ кандидаттан активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсыруды талап етуі қажет. Бұрын-соңды сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам енді мемлекеттік қызметте де, квазимемлекеттік секторда да, тіпті қатардағы лауазымда жұмыс істей алмайды. Осындай тұлғаларды жұмысқа қабылдаған басшыларға 100 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», - деді Нұрлан Жахин.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 61-бабына сәйкес әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуына негіз болып табылады.

Атап өту қажет, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ӘҚБтК-нің 15 бабы бойынша әкімшілік хаттама жасауға құзыретті. Аталған тізбе 6 жемқорлық баптан (ӘҚБтК-нің 676-681-баптары), кәсіпкерлік қызмет саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша 2 баптан (ӘҚБтК-нің 154, 173-баптары), мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын құқық бұзушылықтар бойынша 7 баптан (ӘҚБтК-нің 658-662, 665, 667-баптары) тұрады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив