Жамбыл облысының тұрғыны 7,5 миллион теңгенің мүлкін жымқырды деген күдікке  ілінді

Жамбыл облысының тұрғыны 7,5 миллион теңгенің мүлкін жымқырды деген күдікке ілінді

Жуалы  ауданының полиция бөліміне 67 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Шағымда ер адам Қосбөлтек ауылында орналасқан кәсіпорынға тиесілі мүлікті ысырап ету  дерегін атап  көрсеткен.

Сондай-ақ  ол құрамында Қосбөлтек және Көктөбе ауылының тұрғындары болған жауапкершілігі шектеулі серіктестік таратылғанға дейін мүлкі бар қойма осы компанияға тиесілі екенін хабарлады. Сонымен қатар қойманы Қосбөлтек ауылының 65 жастағы тұрғынына оның орнына спорт кешенін салу үшін беру туралы шешім қабылданған.

Алайда, мүлікті рәсімдеп, ер адам белгісіз тұлғаларға жалпы сомасы 7 500 000 теңгеге автотаразыларды, автотиегішті, астық тазалау жабдығын, астық тиегішті сатқан.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 189-бабы 1-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары  басталды.

Жамбыл облысының мамандандырылған экономикалық ауданаралық сотының шешімімен мүлікті беру шарты жарамсыз деп танылды.

Іс тергеу сатысында.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив