Жамбыл облысының ПД бастығы учаскелік полиция пункттерінің жұмысымен танысты

Жамбыл облысының ПД бастығы учаскелік полиция пункттерінің жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер органдары жүйесін реформалаудағы басты рөл учаскелік полиция инспекторларына жүктелгенін нақты атап өтті. Полицияның сервистік моделі, бірінші кезекте, тұрғындармен тығыз қарым-қатынас жасауды білдіреді. 

Өзінің фейсбуктегі парақшасында Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында орналасқан номері 17 және 15-шағын аудандағы 30-учаскелік полиция пункттеріне барғанын хабарлады. Арманбек Хакимбекұлы олардың материалдық-техникалық жабдықталуымен танысып, қызметкерлердің қандай жағдайда жұмыс істейтінін көрді. Полиция пунктерінде бейнебақылау камералары орнатылған, қажетті компьютерлік техника бар. Күнделікті жұмысты жүргізу үшін барлық жағдай жасалған.

Учаскелік инспекторлар қылмыстық ахуал мен осы жылдың бірінші тоқсанында жүргізілген профилактикалық іс-шаралар туралы баяндады. Жалпы, нәтижелер жаман емес. ПД бастығы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті бұзуға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, ерікті көмекшілермен тығыз байланыс орнату бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

- Өкінішке орай, мұндай жағдайлар барлық полиция пункттерінде жасалмағанын түсінемін. Сондықтан бірнеше апта бойы облыс орталығы мен аудандардағы қалған полиция пункттерінің жұмысымен танысуды жоспарлап отырмын, - деп атап өтті ол.

Бүгінде өңірде халық санының артуына байланысты учаскелік инспекторлар жетіспейді, бұл - учаскелік инспекторлардың штаттық санының шамамен 38%-ы. Бұл мәселені шешу үшін учаскелік инспектордың мәртебесін заңнамалық деңгейде көтеру жұмыстары жүргізілуде.

Облыста 367 учаскелік полиция қызметкері жұмыс жасайды. Олардың 30-дан астамы өздеріне бекітілген аумақта тұрмайды. Бұл мәселе 2025 жылға дейінгі жол картасы аясында кезең-кезеңімен шешілуде.

2021 жылы Байзақ ауданында тұрғын үймен біріктірілген 5 учаскелік полиция пункті және Тараз қаласында 4 модульді стационарлық полиция бекеттері салынды.

2022 жылы тұрғын үймен біріктірілген 5 полиция пунктін, сондай-ақ 6 стационарлық бекет салу жоспарлануда.

Бұл шаралардың барлығы «полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған.

А. Баймурзин полицияның имиджін және халықтың сенім деңгейін арттыру  көбінесе учаскелік инспекторлардың жұмысына байланысты екендігін айтты. Өйткені, олар азаматтармен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Сондықтан олардың тиімді жұмыс істеуі үшін барлық жағдайды жасау өте маңызды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив