Бүкіл қоғам болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру

Бүкіл қоғам болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты қоғамның сұраныстарына қарай, ұлттық практика мен озық шетелдік тәжірибені ескере отырып, ұдайы жетілдіріліп отырады.

Бұл бағытта жүйелі және кешенді шаралар Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру арқылы қамтамасыз етілген, оған сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және оның кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру арқылы азаматтық қоғам сыбайлас жемқорлықпен күреске белсенді түрде тартылуда.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының қабылдануымен алдын алу және қылмыстық-құқықтық құралдардың ақылға қонымды теңгерімі бар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі құрылды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың ақпан айында сыбайлас жемқорлықтан ада қоғамды қалыптастыру мақсатында Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының Тұжырымдамасы бекітілді.

Тұжырымдамада Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бір сарынды іс-қимылдан қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге, халықтың сыбайлас жемқорлық пен непотизмнің кез келген нысандарын қабылдамауына, алдын алу шараларының басымдығына көшетіндігі көрсетілген. Қол жеткізілген нәтижелерді, халықаралық стандарттарды және алдағы кезеңге арналған стратегиялық мақсаттарды ескеретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы біртұтас саясатты дамыту жалғастырылатын болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, тәрбиелеу және білім беру шараларын жүйелеу, мемлекеттік аппарат пен бизнес-қоғамдастық өкілдерін парасатты мінез-құлыққа ынталандыру арқылы сыбайлас жемқорлықты мүлдем қабылдамауға қол жеткізілетін болады.

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, оның ішінде олардың нақты үлесін бағалаудың жария жүйесін енгізу арқылы барынша мүдделі және белсенді болады. Жалпы алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат сыбайлас жемқорлықты экономикалық және бедел жағынан тиімсіз ететін жағдайлар жасауға бағытталған.

Осы Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында Шығыс Қазақстанда түрлі әлеуметтік топтарда іс-шаралар кешені, оның ішінде семинарлар, кездесулер, дебаттар өткізілуде. «Antikor.ortalygy» өткен кезекті кездесуде ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Ерлан Жалмағамбет:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Қазақстанның дамуы мен жалпы қоғамның барлық салаларын қамтиды. Бұл тұжырымдамада соңғы жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында орын алған өзгерістер қамтылған, әлсіз жерлер нақтыланған. Тұжырымдаманың өзі жеті бөлімнен тұрады. Оларда парасатты қоғамды қалыптастыру, алдын алу шаралары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және индикаторларға қол жеткізу бойынша алдағы жұмыстар көрсетілген», - атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа назар аударылған. Әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша парақорлықтың үлкен үлесі тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен байланысты. Өкінішке орай, адамдарда әлі күнге дейін қандай да бір артықшылықтар алу немесе қандай да бір мәселені шешу үшін пара беру оңайырақ деген пікір бар.

Әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша, әлі күнге дейін мемлекеттік ауруханалар, балабақшалар, жер және тұрғын үй қатынастары, сондай-ақ құрылыс салалары сыбайлас жемқорлық көріністері жиі кездесетін бағыттар болып қалуда. Бопсалау немесе қандай да бір заңсыз төлемдерді ұсыну қажет болған жағдайда, еліміздің әрбір азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке колл-орталықтың 1424 телефон нөмірі бойынша жүгініп, өзінің азаматтық борышын орындай алады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив