Жамбыл облысында

Жамбыл облысында "Борышкер-2021" жедел- алдын алу шарасы басталды

2021 жылғы 13-14 желтоқсан аралығында Жамбыл облысында "Борышкер-2021" жедел- алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Акцияның мақсаты "нөлдік төзімділік" қағидатын, жол берілген бұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету, салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру болып табылады.

"Борышкер-2021" жедел-алдын алу іс-шарасының мақсаты  салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар және мәжбүрлеп іс жүргізу қозғалған адамдарды толық қамтуды қамтамасыз ету болып табылады.

"Әкімшілік айыппұл салынған жағдайда, жеті тәулік ішінде Сіз көрсетілген айыппұл сомасының 50% - ын төлеуге құқылысыз. Осы мерзім өткеннен кейін толық сомаға әкімшілік айыппұл салынады. Әкімшілік айыппұл қаулы заңды күшіне енген күннен бастап 30 тәулік ішінде төленуі тиіс",-деп атап көрсетті  Жамбыл облысының  ПД Әкімшілік  полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жайдарбек Құттыбаев.

Айыппұлды төлеу қажеттігі туралы қаулы  ерікті түрде орындау мерзімі өткеннен кейін он күн ішінде өңірлік сот орындаушылары палатасына жіберіледі, олар мүлікке, шоттарға, банк қызметтеріне тыйым салады, сондай-ақ шекарадан өтуге шектеу қояды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілерді  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұлды уақтылы төлеуге шақырады және айыппұлды онлайн режимінде  электрондық egov.kz  үкімет порталы арқылы qamgor.gov.kz сайтында, сондай-ақ  екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында төлеуге болатындығын еске салады. Төлемнің келіп түскені туралы мәліметтер  кідіртпей  деректер базасына түседі және айыппұл өтелген болып есептеледі, полиция органдарына түбіртекті ұсынудың қажеті жоқ

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив