СҚО-да тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің саны 25%-ға азайды

СҚО-да тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің саны 25%-ға азайды

Полицейлер атап кеткендей, көбіне орта жастағы әйелдер отбасылық зорлық-зомбылықтың құбандарына айналып жатады. Қазіргі жастардың құқықтық санасы жоғарылауда, жас келіншектер мұндайға төзбейді, жәбірлеушілерімен қарым-қатынастарын бірден үзеді.

Бірер күн бұрын полицейлер СҚО-ның 24 жасар тұрғынын бес жасар қызымен отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбандарына арналған баспанаға орналастырды. Қазір әйелге психологиялық және құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл кезде СҚО аумағында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы жүріп жатты. Тәртіп сақшылары бұрындары зорлық-зомбылық көріністері орын алған 1000-нан астам отбасын тұрғылықты жері бойынша тексерді. Әр үйде профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

«Әйелдерді өз мәселелері туралы үндемей қалмауларына сендіру маңызды, - дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының аға инспекторы полиция майоры Әсия Әбжанова. Акция кезінде «102» сенім телефонына 64 қоңырау келіп түсті. Жүгінген 26 келіншек құқықтық кеңес, ал 19-ы психологиялық көмек алды. Нәтижесінде полицияға 15 әйел шағымымен жүгінді, бұл құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болды. Сонымен қатар, «WhatsApp» (8-708-432-45-61) және  «Telegram» («Между нами говоря» арнасы — t.me/mejdunamigovory) мессенджерлері арқылы консультативтік-психологиялық қолдау көрсету жүзеге асырылды. Айта кететіні, 5 арыз интернет-ресурстары арқылы түскен».

Акция аясында тұрмыс саласындағы құқық бұзушылықтар үшін 127 қорғаныс ұйғарымы шығарылды. 24 құқық бұзушыға сотпен ерекше талаптар қойылды, 11 тұрмысы төмен отбасы есепке қойылды. Полицейлер ұдайы өткізіліп тұратын профилактикалық жұмыстардың нәтиже беретінін атап кетті. СҚО-да 11 айдың ішінде отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстардың саны 25%-ға азайды. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив