СҚО полицейлері нашақорлық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың тың жолдарын жұртшылыққа ұсынды

СҚО полицейлері нашақорлық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың тың жолдарын жұртшылыққа ұсынды

видео: https://disk.yandex.kz/d/He6yxKwv95A_Sg 

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жұртшылықпен тұрмыстық зорлық-зомбылық пен нашақорлықтың өзекті мәселелерін шешудегі өзара әрекеттесу жолдарын талқылады. Олар облыс әкімдігінің өкілдерімен бірге «ZOOM» бейнеконференциясында СҚО ПД үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің отырысын өткізді.

СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Иван Терзиди бүгінгі таңда нашақорлықтың алдын алуда жастарды қызықтыратын заманауи форматтағы бейнероликтер, флешмобтар, Instagram желісіндегі челлендждер, Tik-tok және басқа да әлеуметтік желілер үлкен әсер ететінін атап өтті. Солтүстікқазақстандық полицейлер олардың тиімділігін өз тәжірибесінен біледі: олар республикада алғашқы болып «Сенің таңдауың-2021» есірткіге қарсы кең ауқымды интернет-челленджін өткізді, оған 100-ден астам жастар қатысты. Иван Терзидидің айтуынша, қаржыландыруы бар және қызығушылық танытатын контингенті бар жастар бірлестіктері баға жетпес ресурс. Ол «Жастар мәслихаты» үкіметтік емес ұйымымен өзара іс-қимылды мысалға келтірді, оның қолдауымен «Тұздар мен дәмдеуіштер. Ешқайда жоқ жол. 2-бөлім» деректі фильмі түсірілген. Полицейлер кәсіпқойлар мен кәсіби шығармашылық ұжымдарын тарту үшін жүлде қорын құру мәселелерін пысықтауды ұсынды. Тағы бір жарқын мысал – «Қамқор» волонтерлік ұйымымен бірлескен жұмыс. Кездесуде оның өкілі Екатерина Галата да сөз сөйлеп, еріктілердің профилактикалық іс-шараларға: «есірткі граффитилерін» бояуға, спорттық іс-шараларға және т.б. тұрақты қатысатыны туралы айтты.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Александр Розбах тоқтала кетті. Ол отбасы-тұрмыстық қатынас саласындағы қылмыстардың саны 10 айдың қорытындысы бойынша 18,5%-ға (54-тен 44 фактіге) азайғанын айтты. ҮЕҰ бірлескен жұмысты полицейлер зорлық-зомбылық құрбандарын өздерінің құқықтары мен оларды қорғау механизмі туралы кеңінен ақпараттандыруға жол ашады деп санайды. Тақырыпты «Әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Алина Орлова жалғастырды. Бірлестік жанында жұмыс істейтін тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына арналған баспанаға биылғы жылы үйдегі қатігездерден жәбір көрген 22 әйел мен 43 бала орналастырылды.

Тәуелсіздіктің 30 жылында Қазақстанның ІІО жүйесінде қол жеткізген жетістіктері жайлы баяндамамен СҚО ПД Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Александр Майер сөз сөйледі. Полиция жұмысының тиімділігін арттыру егемен мемлекетіміздің құқықтық базасын қалыптастырумен, полицияны тән емес функциялардан босатумен және жоспарлы цифрландырумен тығыз байланысты. Маңызды кезең қылмыстық істерді және мемлекеттік қызмет көрсетуді электронды форматта жүргізуді енгізу, бейнебақылау жүйесін кеңінен пайдалану болды. Бастысы, полицейлер ашықтық пен қолжетімділік принциптерін іске асыруды қол жеткізген жетістік деп санайды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында полиция жұмысының сервистік моделі адамдармен тікелей диалог жүргізуді, оларды толғандырған мәселелерін түсінуді, құқықтық тәртіптің жай-күйіне тікелей әсер ететін проблемаларды шешудің бастамашыл жолын көздейді, - дейді облыстық полиция ведомствосының басшысы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев. — Бұл бағытта әсіресе, мемлекеттік органдар мен халық арасын байланыстыратын көпір ретінде үкіметтік емес ұйымның рөлі маңызды. Біздің бірлескен жұмысымыз нақты адамға бағытталған, көмекке мұқтаж әрбір азаматқа жеткізілуі қажет. Сонда ғана біз нәтижеге қол жеткіземіз».

Кездесу алда болатын Х Қазақстан азаматтық форумы қарсаңында өткізілді. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

8 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив