СҚО-да полицейлер қызыл кітапқа енген сұңқылдау аққуды атқан күдіктіні ұстады

СҚО-да полицейлер қызыл кітапқа енген сұңқылдау аққуды атқан күдіктіні ұстады

4 қыркүйектен суда жүзетін құстарды аулау маусымы ашылғаннан бастап полиция қызметкерлері мен қорықшылар аң аулау қағидаларын сақтауды тексеру үшін рейдті күшейтті. Бірлескен рейдтің бірінде Айыртау ауданында егіс алқабына жақын ағаш дайындау бригадасының жанында сұңқылдақ аққудың қалдықтары табылды. Оқиға орнына келген жедел-тергеу бригадасы жұмысшылардың бірі қызыл кітапқа енген құсты заңсыз атуға қатысы бары екендігін анықтады. Күдікті – Ғ.Мүсірепов ат. ауданның 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Оқиға орнын қарау барысында аққудың қалдықтары, дара ұңғылы 16 калибрлі «ИЖ-18» қаруы, атылған гильза мен оқталған патрон алынды.  Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігі «Заңсыз аңшылық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Осы тармақ жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты заңсыз аңшылық үшін жауапкершілікті көздейді.

«Табиғатты қорғау полиция, басқа мүдделі қызметтердің қызметкерлері қорықшылармен бірлесіп ұдайы бірлескен рейдтік іс-шараларды  өткізеді, - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. — Бүгінгі таңда облыста облыста экологиялық қылмыс саласындағы 17 қылмыстық іс тіркелді, 414 аң аулау қағидаларын бұзу және 273 балық аулау қағидаларын бұзушылық анықталды. Облыстың барлық тұрғындарын заңнаманы қатаң сақтауға шақырамыз». 

СҚО ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив