Жамбылдық полицейлер

Жамбылдық полицейлер " Назар аударыңыз-балалар!» ЖАІШ қорытындылады

Ағымдағы жылдың 12-14 мамыры  аралығында Жамбыл облысында " Назар аударыңыз-балалар!” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен, білім беру, денсаулық сақтау органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен және басқа да мүдделі заңды және жеке тұлғалармен бірлесіп  мектеп және мектепке дейінгі жалпы білім беру мекемелерінде балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша түрлі іс-шаралар өткізді.

Аталмыш  іс-шараға 145-ке жуық мүдделі органдар мен 40 үкіметтік емес ұйымдар жұмылдырылды.

Облыс аумағында көше-жол желісіне жақын жерде барлығы 450 оқу орны орналасқан.

Жедел- алдын алу шарасы кезінде жергілікті атқарушы органдарға анықталған кемшіліктерді жоюға 91 ұйғарым берілді.  107 жол белгісі ауыстырылды және орнатылды, 16 жаяу жүргінші жолдары жайластырылып, 510 метр тротуар, 32 метр жасанды жарықтандыру салынды және 217 жасанды кедір-бұдыр орнатылды.

100-ден астам бала мен 56 ата-ананың қатысуымен 81 онлайн сабақ өткізілді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша 1390 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Олардың ішінде,  жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзған немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өткен 48 жүргізуші, жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың  қозғалыс ережелерін бұзған 181, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жол жүрісі қағидаларында көзделген қауіпсіздік белдіктерін  немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамаған 73 және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық  масаң күйде  көлік құралын жүргізгені үшін, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамға берген 3 жүргізуші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, ағымдағы жылдың 12 мамырында Мойынқұм ауданы Амангелді көшесінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін  51 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен "Ауди 80" маркалы автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында сараптама нәтижесімен жүргізушінің мас күйінде көлік жүргізгені анықталды.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  608-бабының 1-бөлігі (масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша әкімшілік өндіріс басталды. Сот шешімімен ол көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылды. Зардап шеккен азамат жоқ. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Сонымен қатар, жедел -алдын алу іс - шарасы барысында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 234 бала мен олардың 102 заңды өкілдерінің қатысуымен 336 онлайн сабақ өткізді.

Осы бағыттағы жұмыстар  жалғасуда және Жамбыл облысы ПД басшылығының бақылауында.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив