Жоғарғы Сот: еңбек даулары бойынша сот практикасын қорытындылады

Жоғарғы Сот: еңбек даулары бойынша сот практикасын қорытындылады

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы 2021-2023 жылдарға арналған еңбек даулары бойынша сот практикасына талдау жасады.

Қорытулар осындай келіп түсетін талап қоюлардың жыл сайын азайғанын көрсетті (2021 жылы – 6,7 мың, 2022 жылы – 6,1 мың, 2023 жылы – 5,3 мың).

Бұл істердің басым бөлігі Астана, Алматы және Қарағанды облысының соттарында қаралған.

Соттар негізінен осы санаттағы дауларды дұрыс шешеді.

Қорытуларда соттылық мәселелері, мемлекеттік баждарды өндіру, дауларды шешудің сотқа дейінгі рәсімдері көрсетіледі және еңбек шартының қолданылу мерзімі, оны бұзу тәртібі, сыйлықақылар, кадр қызметтерін көрсету бойынша ұсыныстар беріледі.

Талап қоюшының сотқа жеке кәсіпкермен еңбек қатынастары фактісін анықтау, мәжбүрлі түрде жұмыста болмаған кезеңдегі жалақысын, өсімпұлды өндіру және моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюы мысал ретінде келтірілген.

Тараптар арасында еңбек және басқа да шарттар жазбаша түрде жасалмаған.

Сот талап қоюды ішінара қанағаттандырды.

Талап қоюшының жеке кәсіпкермен еңбек қатынастарында болғаны анықталып, жалақы, өсімпұл, моральдық зиянды өтеу бойынша берешегі өндірілді.

Сотта талап қоюшы жиһаз сатумен айналысатын жеке кәсіпкерде 2022 жылдың 5 қаңтарынан 2023 жылдың 8 ақпанына дейін сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс кестесін сақтай отырып, сатушы ретінде жұмыс істегенін (кеңес жүргізген, клиенттерге қызмет көрсеткен, тауар үшін төлем алған), ал жұмыс беруші оған жұмысы үшін жалақы төлегені атап өтілді.

Апелляция сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Қорытуларда Еңбек кодексінің 19-бабына сәйкес жұмыскердің азаматтық-құқықтық қатынастарды еңбек қатынастарынан ажырату қажеттілігі туралы шетелдік заңды тұлғаның филиалының орналасқан жері бойынша талап қоюға құқығы бар екені атап өтіледі.

Еңбек құқықтарының бұзылуы дәлелденген жағдайда еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты заңсыз деп тану туралы тәуелсіз талаптың болмауы жұмысқа қалпына келтіру туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тартуға негіз бола алмайды.

Соттарға Еңбек кодексінің және тиісті нормативтік-құқықтық қаулылардың талаптарын бұлжытпай орындау, құзыреттілік нормаларын сақтау және мемлекеттік баждың төленуінің дұрыстығын тексеру, формальды негіздер бойынша талап қоюларды қайтаруға жол бермеу ұсынылады.

Қорытулар осында орналастырылған:

https://sud.gov.kz/sites/default/files/pagefiles/enbek_daularyn_sheshu_kezinde_sottardyn_enbek_zannamasyn_koldanuynyn_keybir_mseleleri_turaly_sot_praktikasyn_korytu.pdf

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.