Алқа билер қатысуымен қаралатын қылмыстық істер бойынша туындайтын өзекті мәселелер

Алқа билер қатысуымен қаралатын қылмыстық істер бойынша туындайтын өзекті мәселелер

Алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізу – қылмыстық істерді қарауға және шешуге халық өкілдерін тарту болып табылады. Бұл ретте сот құрамы бір жағынан қылмыстық оқиғаның болған немесе болмағанын анықтау және қылмыс болған жағдайда жаза тағайындау мәселелерін шешуге құқық берілген кәсіпқой емес алқабилерден, екінші жағынан барлық мәселені құқықтық тұрғыдан шешуге құқылы кәсіпқой судьядан тұрады.

Алқаби – санасы заң қағидаттартарының ықпалынан тәуелсіз, қылмыс жасаған адамның кінәлілігі немесе кінәлі еместігі туралы шешім қабылдаған кезде ар-ұятты, әділдікті және өзінің сенімін басшылыққа алатын алқа құрамына қылмыстық істер жүргізу заңының талабына сай іріктеліп алынған адам.

Алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізу нысандары енгізілгеннен бастапжылдан жылға алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарау еселенуде.

Алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істер санының өсуі мұндай сотқа деген халық сенімінің артуын, құқықтық мемлекетті одан әрі дамыту шараларының кеңінен қолданылуын көрсетеді.

Сонымен қатар, алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істер санының көбеюі осы соттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты бірқатар проблемаларды туындатты.

Бұл – алқабилерге кандидаттардың тізімдерін жасау сапасына, алқабилер алқасын қалыптастыруға, істі алдын ала тыңдауды ұйымдастыруға және сот отырысын жүргізуге, төрағалық етушінің алқабилермен арақатынасына, алқабилерге қойылатын сұрақтарды тұжырымдауға байланысты туындаған проблемалар.

Алқабилермен қатысуымен сот процесін өткізген кезде ең басты проблеманың бірі – бұл сот тергеуінің уақытының ақылға қонымды уақытқа дейінгі ұзақтығын сақтау. Сот процесін өткізудің бұл түрі өзіндік бір қатар процестік сатылардан тұрады, бұл өз кезегінде істі қарау мерзімін ұзартады.

Сот тергеуін ұйымдастыру кезінде маңызды мәселенің бірі – алқабиге кандидаттардың тізімін жасау. Алқабиге кандидаттарды тексеру және заң талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды тізімнен алып тастау үшін жергілікті уәкілетті органдары құқықтық статистика басқармасына, АХАЖ органдарына, ішкі істер департаментіне, қаржы полициясына сауалдар жібереді. Алқабилерге кандидаттардың сотқа келмеу проблемасын шешу үшін алқабилер жұмысының жауапкершілігі, міндеттері, маңызы және жұмыс істеу тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын күшейткен жөн.

Тағы бір айта кететін өзекті мәселе, алқабилердің құқық саласында білімдерінің болмауы. Көптеген алқабилердің сот процесіне қатысуда өтілімінің болмауы қиындатады. Сол себепті алқабилер тізімі жасау ьарысында олардың заңгер мамандығын игерген тұлға болғаны дұрыс болар еді.

Қорыта келгенде, алқабилердің қатысуымен жүргізілетін сот процесі қарапайым халықтың сот жүйесіне қатысуына мүкіндік бере отырып, сот жүйесінің ашықтығын, демократиялылығын көрсетеді және халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттырады. Алайда, алқа билер қатысуымен қаралатын қылмыстық істер бойынша туындайтын мәселелер бойынша әлі де жұмыстанып, жетілдіре түсу керектігін ескере кеткен жөн.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының бас маманы М.Аккузова

  1. Сот жүйесінің жетістіктері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінің дамуы, мемлекеттің тәуелсіздік алғанынан бастау алады. Алғашқы болып 1991 жылғы 16 желтоқсанда елімізде мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлу қағидатын бекітіп берген "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы "Конституциялық заңы қабылданды.

Сот саласы үшін тағы да көптеген маңызды заңдар қабылданды. Мысалы, 1992 жылғы "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы", "Қазақстан Республикасындағы Конституциялық сот ісі туралы", "Қазақстан Республикасының төрелік соты туралы" және т.б.

1995 жылғы Конституция сот билігін мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретінде жүзеге асырудың негіздерін регламенттеді; азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Конституция мен заңдардың орындалуын қамтамасыз етуді; судьялардың құқықтық мәртебесін; сот органдарының жүйесін; сот төрелігі қағидаттарын; соттарды қаржылық қамтамасыз етуді және басқа да маңызды ережелерді тағайындаумен тағы да растады. Сот билігін ұйымдастыру мәселелерін айқындайтын тағы бір маңызды құжат Президенттің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заңи күші бар Жарлығы болды. Ол сот билігі және оны жүзеге асырудың кепілдіктері туралы конституциялық ережелерді бекітті және қалыптастырды.

Сот жүйесін реформалаудың алғышарттары сот төрелігін демократияландыруды кеңейту талаптары болды. Алқабилерді қылмыстық процеске енгізген "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 7 қазандағы Конституциялық заң осы бағыттағы маңызды қадам болды.

Ұлт жоспарын іске асыру үшін азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін үш деңгейлі сот инстанцияларының саны оңтайландырылды, елордада және Жоғарғы Сотта инвестициялық дауларды қарау бойынша мамандандырылған құрам құрылды. Жоғарғы Сот жанынан Сот төрелігі Академиясы өз қызметін бастады, ол жұмыс істеп жүрген судьялардың біліктілігін тұрақты негізде арттыруды қамтамасыз етеді, барлық сот процестерін міндетті түрде аудио-бейне-тіркеу және басқалары енгізілді.

Судьялық кадрларды жақсарту, судьялардың тәуелсіздігін күшейту, сот қызметінің сапасын арттыру жөніндегі жұмыстар әрдайым жүргізілуде. "Сот төрелігінің 7 тасы" атты ірі пилоттық жобалары іске асырылды. Оған "Мінсіз судья", "Үлгілі сот", "Әділ процесс", "Сапалы нәтиже", "Smart-сот", "Коммуникациялық стратегия"және" сотқа дейін, сотта татуласу " кіреді.

Жоғарғы Сот жанынан мүлдем жаңа институт-сот төрелігінің сапасы жөніндегі Комиссия жұмыс істей бастады. Оның басты міндеті – судьяның кәсіби қасиеттерін объективті бағалау.

Сот реформасының кезеңдері заңнамалық, ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық шаралармен сипатталады. Сотқа деген сенімді арттыру, сот төрелігінің сапасын жақсарту, сот жүйесін барлық реформалардың мақсаты ретінде жетілдіру кейінгі барлық бағдарламалық құжаттарда және қабылданған заңнамада одан әрі көрініс тапты. Сот жүйесін жоспарлы дамыту халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

Қорытындылай келе 2020 жылдың 29 маусымыңда, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қабылданды. Бұл, заң жүйесінің саласындағы үнемі дамудың белгісі. Заңды сақтау талабы, ең алдымен судьялардың өздері үшін міндетті болуы қажет. Бүгінгі таңда судьялардың міндеті-юриспруденцияның кәсіпқойлары, жоғары ұйымшылдық, мәдениет және жауапкершілік эталондары болу.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының

төрағасы М.К. Сатыбалдин

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.