Kaspersky Who Calls: 2026 жылдың басында Қазақстандағы әр екінші пайдаланушы телефон алаяқтығына тап болған
Kaspersky Who Calls қосымшасының деректеріне* сәйкес, 2026 жылғы қаңтар–ақпан айларында Қазақстанда спам-қоңыраулар алған пайдаланушылардың үлесі 79,6%-ды құрады. Ал әр екінші пайдаланушы (47,6%) телефон алаяқтарымен бетпе-бет келген.
2026 жылдың басында зиянкестер белсенділігінің төмендеуі байқалмады — ол 2025 жылдың соңындағы деңгеймен шамалас. 2025 жылғы қараша–желтоқсанмен салыстырғанда, 2026 жылғы қаңтар–ақпанда алаяқтық қоңыраулар саны шамамен 2 пайыздық тармаққа артқан (45,8%-дан 47,6%-ға дейін).
2025 жылдың қорытындысы бойынша, қазақстандық пайдаланушылардың 87,6%-ы спам-қоңырауларға, ал 65,1%-ы телефон алаяқтарына тап болған. Бұл ретте алаяқтар жылдың екінші жартысында белсендірек әрекет еткен: 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында пайдаланушылардың 53,7%-ы алаяқтарға кезіксе, екінші жартыжылдықта бұл көрсеткіш 61,4%-ға жеткен.
Пайдаланушылардың пікірлеріне** сәйкес, кең таралған схемалардың бірі — өзін «Қазпошта» қызметкері ретінде таныстырып қоңырау шалу. Пайдаланушыға сәлемдеме келгені айтылып, оны алу үшін «растау кодын» айту талап етіледі. Осылайша зиянкестер мемлекеттік сервистердегі немесе банк қосымшаларындағы аккаунттарға қол жеткізіп, кейін құпия деректерді не қаражатты иемденуге тырысады.
Қазақстанда тағы бір танымал тәсіл — «емханадан қоңырау шалу». Алаяқтар дәрігерге жазылуды немесе талдау тапсыруды «растау» үшін тексеру кодын сұрайды. Бұдан бөлек, олар пайдаланушылардың жеке мәліметтерін жинауға ұмтылады. Бұл ақпарат кейін нысаналы әрі күрделі алаяқтық сценарийлерін жүзеге асыру үшін қолданылуы мүмкін.
«Телефон алаяқтығы пайдаланушылар үшін әлі де елеулі қауіп болып отыр. Қоғамдағы хабардарлық деңгейі артқан сайын және зиянкестерге қарсы шаралар күшейген сайын, олар барынша күрделі схемаларға көшіп, психологиялық айла-тәсілдерді жиі қолданады. Сондықтан пайдаланушылар қырағылығын жоғалтпауы тиіс: бөгде адамдарға бір реттік кодтарды, банк карталарының деректерін және өзге де құпия ақпаратты хабарламау керек. Әсіресе, әңгімелесуші эмоцияға әсер етіп, асықтырып немесе қорқытатын жағдайда сақ болған жөн. Сонымен қатар күмәнді қоңырауларды автоматты түрде бұғаттайтын техникалық қорғаныс құралдарын пайдалануды ұмытпау маңызды. Қазақстандағы пайдаланушылар үшін біз өнімдер портфолиосымен танысып, телефон алаяқтығымен күресуге арналған шешімді таңдауға болатын арнайы сайт іске қостық», — деп түсіндірді «Касперский зертханасының» Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолия бойынша басқарушы директоры Валерий Зубанов.
Телефон алаяқтығынан қорғану үшін «Касперский зертханасының» сарапшылары мынадай кеңестер береді:
- алаяқтыққа күмән туындаған жағдайда қоңырауды дереу үзу;
- электрондық пошта, мессенджерлер мен SMS арқылы келген күмәнді сілтемелерге өтпеу;
- қажетсіз қоңыраулардан қорғайтын сенімді шешімді пайдалану, мысалы Kaspersky Who Calls. Қоңырау кезінде пайдаланушы кімнің хабарласқанын көре алады — мысалы, медициналық мекемеден немесе пошта қызметінен. Қосымша ықтимал спам, алаяқтық немесе маза бермейтін жарнама туралы ескертіп, мұндай қоңырауларды автоматты түрде бұғаттауға мүмкіндік береді. Бұл деректер машиналық оқыту алгоритмдері мен пайдаланушылардың пікірлері негізінде қалыптасады. Сондай-ақ қолданушы өзі де қажетсіз нөмірлерді базаға қоса алады. Айта кету керек, Kaspersky Who Calls құпия деректерді, мысалы телефон нөмірі мен байланыс тізімін сұратпайды.
* Деректер 2026 жылғы қаңтар–ақпан және 2025 жылғы қараша–желтоқсан айларындағы Kaspersky Who Calls қосымшасының анонимдендірілген статистикасы негізінде алынған.
** Деректер күмәнді нөмірлерді қосымша базасына өз бетінше енгізген пайдаланушылардың құпияландырылған пікірлері (шағымдары) негізінде жиналған.
[xfvalue_img]
